Облыс орталығында «JULDYZAI - 2025» ұлттық инклюзивті ойындарының аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Додада өңірге қарасты қалалар мен аудандардан келген 60 жуық спортшы бақ сынады. Жарысты ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы ұйымдастырды.
«JULDYZAI-2025» ойындары өңірде екінші мәрте ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар тоғызқұмалақ, асық ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі сынды жеті спорт түрінен бақ сынады.
Мейірбек Елемесов, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының әдіскері:
«JULDYZAI» жалпы осы спорт басқармасына 2024 жылдан бері берілді. Ол біздің күнтізбемізге еніп отыр декне шынықтыру және спорт басқармасының. Толықтай республикамен бекітілген күнтізбеде бар. Осы 24 жылдан бастап спортшыларды дайындап отырмыз. Осы 2025 жылы «JULDYZAI»-ға 6 ауданнан келіп отыр.
Инклюзивті ойындар балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттағы бәсекелестік – жастардың өмірге батыл қадам басып, қоғамға бейімделу үдерісін жеделдетеді.
Серік Қожамбаев, Өскемен қ. №8 мектеп-интернатының дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Балалар жақсы көрсеткіш көрсетіп жатыр. Осындай балаларды қолдап, спорт түрі өте керекмет, қызықты. Оқушыларды бір-біріне достыққа тартады. Әр облыстың балаларымен танысып, сондай керемет спортқа деген қызығушылықтары артып жатыр. Қазір қарайтын болсаңыздар өте көп спортқа қатысамыз деген. Бұл жарыс өте керемет.
Іріктеуден өткен спортшылар республикалық кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Кәусар Идаятқызы