Масылдық пен шынайы мұқтаждықты шатастыруға болмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін: «Масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажырата білуіміз қажет» деген болатын. Қазіргі таңда ел Үкіметі тұрмысы төмен, көмекке шынымен мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Алайда табысын жасырып, жалған құжат жасап, атаулы әлеуметтік көмектен үлес алуды көздейтіндердің көбеюі қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Облыс тұрғындары бұл мәселеге назар аударып, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет екенін айтады.