Күршім ауданына қарасты Маралды ауылындағы экологиялық жағдайға қатысты зерттеу нәтижелері жарияланды. Елдімекенде сегіз ірі қараның өлексесі табылды. Бұл жайт жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды. Осыған байланысты облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен экологтар және ветеринарлар тексеріс жүргізді.
Жауапты мамандар жақын маңдағы бұлақтан, топырақтан және фабрика аумағынан сынамалар алып, зертханаға талдауға жіберген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, зиянды заттардың көрсеткіштері қалыпты деңгейде екендігі анықталған. Ал ветеринарлық сынамаға қатысты сараптама нәтижесі 4 қазанға дейін шығады. Талдау нәтижелері толық анықталғаннан кейін ғана қорытынды шешім жария етіледі.
Рамиль Сағындықов, Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Сегіз бас өлді. Сегіз бас ол қайдан өлді, неден өлді, оны ары қарай келе тексереміз. Ең бастысы бізге халықтың әмбе мына малдың саулығы. Ең бастысы сол. Сондықтан осы жұмысты тоқтатпаймыз.
Жергілікті жұрттың алаңдаушылығын сейілту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов Экология департаментінің мамандарымен бірге ауылға арнайы барып, кездесу ұйымдастырды.
Дархан Сапанов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Егер осы жерде заң бұзушылық болса біз фабриканы түгел өіміздің мемлекеттік-әкімшілк, жаңағы қандай жауапкершілік қарастырылатын болса, түгел жауапкершілікке біреуін қалдырмай тартамыз.
Нұрсұлтан Көккөзов, Мемлекеттік экологиялық инспектор:
Жиырма екісі күні, понедельник күні проверка ашылып, осында келіп, уже фабрика территориясына кіріп, сол фабрика территориясынан да пробалар алынды. Солар бойынша экспертиза, лаборатория өткіздік. Ол бойынша тоже превышение табылған жоқ.
Зертханалық талдаулар жалғасуда. Ауыл азаматтарына ветеринарларға жүгініп, мал шығынын ресми түрде тіркеу ұсынылды.
Бекарыс Секен, Талант Тұрсынов