Өскеменде халық әртістері – ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің 70 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Осы жылдар ішінде оқу орнын 6 мыңнан астам мәдениет, өнер және білім саласының мамандары тәмамдаған. Қазіргі таңда олардың көпшілігі аталған саласының үздіктеріне айналған.
Мерейтойға студенттер, ұстаздар, ардагерлер және оқу орнының түлектері жиналды. Мерекелік шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов та қатысып, мәдениет пен өнердің дамуына зор үлес қосқан ұстаздарды марапаттады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнердің қоғамдағы маңыздылығын, мәдениет –бұл ұлттың төлқұжаты..... өнерге деген сүйіспеншіліктің шынайы дәуірі.
1955 жылы құрылған бұл оқу орны бүгінде өңірдегі ең көне әрі беделді шығармашылық білім беру орталықтарының бірі саналады. Осы жылдар аралығында талай өнерпаздың жолын ашқан оқу ордасының түлектері қазір еліміздің мәдени өмірінде айрықша орын алып, өнердің биік шыңынан көрініп жүр.
Альмира Дүсіпова, Абдуллиндер атындағы Өнер училищесінің директоры:
Осы уақыт аралағында оқу орнынан 6 мың маман иелері шыққан. Оның ішінде 2 мыңы үздік дипломмен бітірді...... мамандарын даярлаймыз. Училище 3 саты бойынша білім алады... ие болады.
Мерекелік кешке оқу орнының түлектері – «In Coro» тобының солистері де қатысып, мерейтоймен құттықтады.
Әділ Әлімханов, «In Coro» тобының мүшесі:
70 жыл – бұл тарих. Сол тарихтың кішкентай бөлшегі біз..... көмектескен өнер училищесі.
70 жыл – бұл жай ғана мерейтой емес, шығармашылыққа, ізденіске және шабытқа толы тарих. Бүгінде халық әртістері – Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі өз дәстүрін сақтап, жаңа буын талантты жастарды шығармашылыққа баулып келеді.
Фатима Тілейханқызы, Дильназ Мурзагалиева