Өскеменде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық форум өтіп жатыр. Үш күнге жоспарланған шараға елдің әр өңірінен келген колледж оқытушылары, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер қатысуда. Жиында кәсіби шеберлікті шыңдау, білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Форум аясында «Talap» орталығы мен облыстық білім басқармасы өкілдері жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, технологиялық білімнің еңбек нарығымен үндестігін қамтамасыз ету жолдарын қарастырылды. Ауқымды жиын шеңберінде кәсіби шеберлік байқауы да ұйымдастырылды. Құрылыс, IT, қызмет көрсету, машина жасау, аграрлық және өнер бағыттары бойынша оқытушылар 10 құзыреттілік негізінде тәжірибелерімен бөлісіп, үздік әдістемелерін ұсынды.

Нұрдәулет Жанайдаров, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы:

Форум шеңберінде 150 астам педагоктар жиналды және 10 құзыреттілік бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ол құрылыс саласы бар, ID саласы бар, қызмет көрсету дегендей. Осындай құзыреттілік бойынша еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ұстаздарымыз кәсіби шеберліктерімен ат салысады. Форум шеңберінде пленарлық отырыстар да өткізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі биылғы жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп президентіміз айтқандай жұмысшы мамандықтар жылында да көптеген республикалық деңгейде өткізіліп жатыр. Бүгінгі форумда соның аясында өткізіліп жатқан іс-шараның бірі болып табылады.

Форумға қатысушылар Өскемен, Риддер және аудандардағы колледждердің оқу-өндірістік базасымен танысты. Дуальды оқыту, инклюзивті білім беру және студенттердің жұмысқа орналасуы тетіктері бойынша пікір алмасты.

Әлима Ақылбек, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Форумның негізі мақсаты колледж студенттерін жұмысшы мамандықтарға жұыс берушілердің талаптарына сай дайындау бойынша пікір талас жасау және мұғалімдердің кісіби біліктіліктерін арттыру. Сонымен бірге жұмысшы мамандықтың беделін арттыру болып табылады.

Түркістан облысынан келген делегация мүшелері инклюзивті білім беру тәжірибесін көпшілік назарына ұсынды. Ал Алматы мен Маңғыстаудан келген оқытушылар әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушілермен кадр даярлау мәселелерін талқылады.

Меңдігүл Ақжігітова, Түркістан облысы білім басқармасының «№8 колледж» МКҚК директорының орынбасары:

Кеше педагогикада жалпы білім беретін пәндердің кәсіби конкурсына қатыстық. Таң атысынан кешке дейін өтті. Онда үздік қатысушылар болды. Мен сарапшы ретінде қатыстым. Ал енді бүгін екінші күн бұл жерде форум болады. Қазір біз тәжірбие алмасу мақсатында келіп отырмыз. Өзім де доклад жасаймын. Тақырыбы инклюзивті білім беру. Өзіміздің инклюзивті балалардың жұмысқа орналдасуы туралы, олармен жұмыс жасап жатқан артықшылықтары туралы тәжірбие бөлісемін. Бұл форумнан да өзімізге қажеттісін алып келешекте қолданамыз деген үміттемін.

Самал Төреғұлова, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалык колледжі директорының орынбасары:

Бүгінгі форум мен үшін колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге арналған. ашық диалог алаңы деп ойлаймын. ШҚО да Өскемен қаласында ұйымдастырыған әкімдікке және ұйымдастырушыларға рахмет айтқым келеді. Бұл форумда Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген колледждердің іс тәжірбиесі, өздерінің озық тәжірбиелерімен бөлістік. Өте керемет. Олардан үлгі алуға болады. Мен де сол секілді өз тәжірбиемді бөлісуге алып келдім.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Басқосуда өңірдегі өндіріс орындары мен колледждер арасындағы байланысты одан әрі нығайту, еңбек нарығында сұранысы жоғары маман иелерін даярлау мәселелері кеңінен талқыланды.

Ербол Нұрғалиев, Облыс әкімінің орынбасары:

Біздің өңір өнеркісіп өңірі деп есептеледі. ШҚО да ірі кісіп орындар орналасқан. Біз солармен тығыз байланыстамыз. Біздің 38 колледжда 20 мыңнан артық оқушылар оқиды. Біріншіден біз осы кәсіпорындармен тығыз байланыста болуымыз керек. Неге десеңіз сапалы кадр сапалы кісіпорындарға жұмысшы мамандықтары дайындау үшін өте тығыз байланыста болуымыз керек. Сондықтан бұл жұмыс бағыты бойынша тәжірбиемізбен бөлісе аламыз. Сонымен қатар форум аясында басқа өңірлердің тәжірбиесін көріп, алмасып, бұл форумның беретін пайдасы көп. ТиПО жүйесіндегі көп мәлелерді талқылаудамыз.

Жиын соңында колледждер арасында ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды. Үздік педагогтер анықталып, марапатталды.

Нұртас Қайролдаев