Облыс орталығында алғаш рет дәстүрлі садақ атудан телетурнир өтті. Ұлттық спортты жаңғыртуға бағытталған жарысқа 9 - 10 сыныпта оқитын 80-нен аса оқушы қатысты. «Жас мерген» облыстық телетурнирін «ALTAI» телеарнасы, «Керемет садақ ату» орталығы және Нұрорда мектеп лицейі бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Мергендер жарысының ашылу салтанатына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Облыс әкімі оқушыларға сәттілік тілеп, садақ ату - ұлттық рухты көтеретін, жігер мен шыдамдылықты талап ететін ерекше спорт түрі екенін атап өтті.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Облыстық алғаш рет өткізіліп отырған телетурнир ашылумен құттықтаймын. Бұл садақ ату ежелден келе жатқан біздің ата бабамыздың салт дәстүрінің бірі бірегейі. Және ұлтттық мұрасы деп айта аламыз.
Жарыс барысында тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Мұнда дәстүрлі спортқа қатысты кітаптар және жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды. Бұдан бөлек турнир тәртібіне жауап беретін төрешілер қатаң бақылау жасады. Әр нысана, әр жебе - әділ бағаланып, жарыс жоғары деңгейде өтті.
Азамат Сейтханұлы, бас төреші:
Жас мерген сайысында бас төрешілік еттік. Ол кешеден бері болып жатқан үлкен дода. Оқушылар арасында. Өте тартысты өтті. Біз қазақ нысанасы Қалқан деп айтамыз. Өйткені Қалқан нысанасы жауынгерлердің қалқанымен есептелінген. Әр қатысушыға бес оқтан. 15 метр қашықтықтан атылды.
80-нен аса қатысушының арасынан суырылып шығып, Ұлан ауданынан келген Әли Бақытбек турнирдің жеңімпазы атанды. Айтуынша, сайысқа дайындық бірнеше ай бұрын басталған. Сол еңбек бүгін ақталды дейді.
Әли Бақытбек, «Жас мерген» телетурнирінің жеңімпазы:
Қобалжулар болды. Көптеген жарыстарда қобалжу болады. Бірақта осы жарыста өзімнің өзіме сенімді болып аттым. Қобалжуымды басып. Соның арқасында жеңдім.
Айта кету керек, «ALTAI» телеарнасы мен «Керемет садақ ату» орталығы бірлесіп ұйымдастырған телетурнирге облыс әкімдігі қолдау көрсетті.
Берік Көшербаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ ШҚОФ директоры:
Біздің облыстық телеарна тек жаңалық таратушы ғана емес қоғамның рухани дамуына ұлттық құндылықтардың……жастар арасында беделін арттыру.
Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемнің 140 елінде айналысады. Ал шығыста алғаш рет өткен «Жас мерген» телетурнирі дәстүрлі садақ ату өнерін дәріптеп, жас мергендердің шеберлігін танытуға мүмкіндік берді.
Бекарыс Секен