Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын жариялады. Мекеме көлеңкелі экономикамен күрес, активтерді қайтару және мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғау бағытында бірқатар нәтижелерге қол жеткізді. Биыл департамент өндірісінде жалпы залал сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 17 қылмыстық іс тергелген. Тергеу нәтижесінде мемлекет кірісіне 1,9 миллиард теңгенің мүлкі қайтарылды.

Жыл көлемінде атқарылған ауқымды істердің бірі — «Бипэк-Азия Авто» компаниялар тобына қатысты тергеу. Тексеріс нәтижесінде мемлекет меншігіне 11 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленген. Оның ішінде автокөлік, жылжымайтын нысан, әуе кемелері және демалыс базасы бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, вейптердің заңсыз айналымына қарсы жұмыстар күшейтілді. Сондай-ақ, биыл заңсыз саудамен айналысқан үш дерек анықталды. Тергеу кезінде 1,5 мыңнан астам вейп тәркіленіп, арна әкімшілері анықталды. Екі іс сотқа жолданып, біреуіне үкім шықты.

Тимур Мұқанов, ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:

Мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асты. Тергеу барысында 6 келіден астам алтын, 56 мың АҚШ доллары және кен өндіруге арналған техника тәркіленді. Заңсыз өндірісті ұйымдастырған тұлғалар қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы маңызды нысан мемлекет меншігіне қайтарылды.

Дулат Нұрлыбек, ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2-тергеу басқармасы басшысының м.а:

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне мемлект меншігіне берілді. Бұрын жеке меншікке заңсыз өткен «Алтай ШҚАТ» (Шығыс Қазақстан аймақтық технопарк) ЖШС ғимараты мемлекетке қайтарылды. Нысан 1, 5 млрд теңгені құрайды. Стратегиялық маңызды нысан мемлекет бақылауына қайта алынды.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша мемлекет кірісіне ондаған миллиард теңге көлемінде активтер мен мүлік қайтарылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдағы уақытта да қаржылық тәртіп пен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.

Фатима Тілейханқызы