Облыс әкімінің төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Басқосуда 2025 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы, өңірдің геология саласы мен жер қойнауын пайдалану, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының орындалу барысы қаралды.
Аймақта егін жинау науқаны аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабы 616,9 мың гектарды құрап отыр. Мемлекеттік қолдаудың аясында диқандарға көктемгі егін жинау жұмыстарына 58 мың тоннадан астам тыңайтқыш берілді. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 26 %- ға артық.
Ажар Каджибекова, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Элиталық тұқым үлесі 19 пайыз, облыс 261 бірлік шаруашылық техникасы сатып алынды. Ауыл шаруашылық техникасының жаңартылуы 4 жарым пайызға дейін жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша 5/5 пайыздық жоспар деп ойлап отырмыз.
Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсаттың айтуынша, өңірде түрлі санаттағы 250-ден астам кен орны бар. Оның 25-і алтын кен орны. Биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны 553 млрд теңгеге болатын 6 жоба енгізілген. Аталған жобалардың аясында 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарының қызметіне экобақылау күшейтілді. Сондай-ақ, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Исатай Аңсат, Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:
2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке жалпы сомасы 120,2 млрд теңгеге салық төледі. Ал өңірдің әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымын дамытуға бағыттаған аударымдары 528 млн теңгені құрады.
Басқосуда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды, геологиялық барлау саласына жеке инвестиция тарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз мемлекеттік көмек көрсете отырып, өзіміз барлау жасап, содан кейін жеке инвесторларға беру мүмкіндігін қарастыруымыз керек.
Байланыс орнату мәселесіне келер болсақ, қаңтар айынан 20 қарашаға дейін өңірдің 28 елдімекені желіге қосылды. Жыл соңына дейін тағы қосымша 27 ауыл интернетпен қамтылады. Нәтижесінде облыстың 99% тұрақты желіге қосу жоспарлануда.
Арнұр Сапарғалиев, Облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында Министрлік "Қазақтелеком" АҚ – мен ауылдарды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту туралы келісімге қол қойды. Оның аясында өңірдегі 186 әлеуметтік маңызды нысанды жылдамдығы жоғары интернетпен қамту көзделіп отыр.
Өңір басшысы жиын соңында шалғай елді мекендер мен туристік орындарда қосымша Starlink спутниктік терминалдарын орнату мен қосудың маңыздылығын атап өтті.
Аяулым Усинова