Келер жылдан бастап аймақта өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг бағдарламасы енгізіледі. Бұл жоба диагностиканың тиімділігін арттыруға және еліміздегі жиі кездесетін онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Елде жыл сайын шамамен 3,5 мың адам осы кеселге шалдығады. Өкінішке қарай, олардың 2 мыңнан астамы өмірден өтеді. Бұл тәулігіне 6-7 адамның өкпе қатерлі ісігінен көз жұматындығын білдіреді. Ал биыл 10 айда облыста өкпе обырының 228 жағдайы тіркелген.
Бекзат Мұқадиева, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары:
Көбінесе өкпе обырымен темекі тартатын 60-70 жастағы ер адамдар ауырады. Қазіргі таңда емдеу әдістері бұл көрсеткіш азайып келеді
Келер жылдан бастап өкпе обырын ерте анықтауға арналған Ұлттық төмен дозалы компьютерлік томография скрининг бағдарламасы іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысы бұл жобаға толық дайын. 2018-2022 жылдары Қазақ онкология институтымен бірлесіп жүргізілген пилоттық кезеңде 697 зерттеу жасалып, тиімділігі дәлелденген.
Тілеубек Нұрғалиев, Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкологы:
Бұл әлемдік хирургиядағы ең озық технологиялардың бірі. Бір ғана кішкентай тілік жасалады, ауырсыну әлдеқайда аз болады, ал қалпына келу уақыты айтарлықтай қысқарады. Ота радикалды түрде жасалады, нәтижесі дәстүрлі ашық операциядан кем емес, бірақ ағзаға түсетін жүктеме әлдеқайда жеңіл
Өкпе обырымен күрес тек дәрігерлердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Өз денсаулығына мұқият қарау, темекіден бас тарту және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту әр адамның өмірін ұзартудың ең тиімді әрі қолжетімді жолы болып табылады.
Бекарыс Секен