ШҚО-ғы полиция қызметкерлеріне 198 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Соңғы үлгідегі құрылғылармен толық жабдықталған көліктер патрульдік бөлімшелер, жедел-тергеу топтары және аудандық полиция бөлімдеріне табысталды. Былтырдан бері бұл салаға облыс басшылығы тарапынан үздіксіз көмек беріліп келеді. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, бұл құқық қорғау органдарына көрсетілетін жүйелі қолдаудың бір бөлігі. 2023 жылы полиция қызметкерлеріне 136 жаңа көлік берілген болса, биыл оның көлемі артты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жаңа автокөліктер мен және заманауи байланыс құралдармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстарымыз жыл сайын жалғасып келе жатыр. Кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бұл біздің басым басымдықтарымыздың бірі. Жаңа қызметтік көліктер сіздердің қызметтік міндеттеріңізді өте сапалы орындауға ықпал етіп, біздің құқықтарымызды бұзылмауына әрдайым сенеміз.
Жаңа автокөліктер қызмет көрсету үшін толық жабдықталған. Бұл шалғайдағы ауылдық округтерде қызмет ететін тәртіп сақшыларына уақытылы әрекет етуге, жедел қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Дархан Такиров, ШҚО ПД ППБ командирі:
Бүгінгі таңда облыстық және қалалақ ппб қызметкерлері облыс әкімнің қолдауымен жаңа автокөліктер табыс етіліп жатыр. Жаңа автокөліктер қызмет атқару барысында өте ыңғайлы, және де заманауи техникалармен жабдықталған.
Автопарктің жаңаруы өңірдегі құқық қорғау органдарының инфрақұрылымдық әлеуетін арттырып, полицияның күнделікті жұмысына техникалық қолдау көрсетеді.
Бекарыс Секен