Соңғы сегіз айда елде 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Ал өткен жылы 23 мың дерек анықталған. Қазақстандықтар онлайн-алаяқтарға 6 миллиард теңгеден астам қаржысын берсе, оның небәрі 1,5 миллиарды ғана қайтарылған. Заңсыз әрекеттің алдын алу мақсатында ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі жоғары оқу орындарымен бірлесіп, цифрлық қауіпсіздік тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастыруда.

Шараға өңірдің үш жоғары оқу орнынан 1000-нан астам студент қатысты. Ашық сабақ барысында мамандар цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары, жеке деректерді қорғау жолдары, онлайн-алаяқтықтың кең тараған түрлері тақырыбында әңгіме өрбітті.

АРМАН ЖУНУСОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП - ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес....цифрлық қауіп қатерден сақтайды деген сенімдеміз.

Студенттермен өткен жиынға белгілі блогер Али-Аскер Байгужин да қатысты. Спикер жастарға интернеттегі нақты алаяқтық мысалдарын келтіріп, әлеуметтік желілерде жиі кездесетін қауіптерден қалай сақтану қажеттігін өз тәжірибесімен бөлісті.

АЛИ-АСКЕР БАЙГУЖИН, БЛОГЕР:

Жедел іздестіру қызметінде өз үлесімді қосып жүрмін. Менің білетін ақпаратым бойынша қазір екі үлкен алаяқтардың колл центрын ұстады. Сол секілді әр азамат өз саласы бойынша өзінің күші жеткенше халыққа көмектесуін сұраймын. Себебі қазіргі кезде алаяқтар өте көп және жастарымыз дроппен айналысып жүр. Соларды қысқартуда ойым.

Жастар лекция барысында алаяқтық түрлерін тану, жеке деректердің қауіпсіздігі мен дипфейк белгілерін ажырату бойынша тың ақпараттар алды.

АРУЖАН ЕРДЕСБЕК, СТУДЕНТ:

Көргеніміз телефон және интернет қауіпсіздігі жайлы болып жатыр. Бастысы интернет қауіпсіздігі, телефонымыздың ішіндегі жеке ақпараттарымыз жайлы айтылды. Ол жерде қойылатын парольдар жайлы ақпараттар берілді. Сол жерле қаншалықты көп қолданатынымызды сол жерден байқадық. Көбіміз туған күндерімізді көп қолданады екенбіз. Сол жағынан оның қате екенін ұғып отырдық. Бұндай шаралардың жиі өткізілуі алаяқтардан қорғануымызға және де өзіміздің қауіпсіздігімізді, ақпараттарымызды сақтауға үлкен септігін тигізеді. Жиі өтіп тұрғаны да бізге пайдалы болады деп ойлаймын.

Мамандардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздік — бүгінгі қоғам үшін аса өзекті бағыт. Деректердің ұрлануы, интернет-алаяқтықтың көбеюі мен жаңа технологиялардың даму қарқыны азаматтардың сақтығын арттыруды талап етеді. Осы бағыттағы ашық сабақтар жастардың сауатын көтеріп, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ