ҚР-ның Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жаңа «AdiletGov» мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл сервис қолданушыларға түрлі құжат пен өтінішті бір жерден рәсімдеуге мүмкіндік береді. Оның мақсаты азаматтарға ыңғайлы, жедел және қолжетімді қызмет ұсыну.

Жаңа қосымшаның басты артықшылығы пайдаланушы бірнеше мәселесін бір платформа арқылы шешеді. Азаматтар жиі тап болатын құжат іздеу секілді қиындықтар бұл сервисте оңтайландырылған.

Айжан Нұртазина, ШҚО Әділет департаментінің бас маманы:

ҚР-ның Әділет мининистрлігінің және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы бірлесіп Әділет мобильді қосшасын іске қосты. Оның басты артықшылықтары: бір ғана қосымша арқылы пайдаланушы бірнеше мәселені шеше алады. Қосымша арқылы сот орындаушысының қаулысын жүктеуге болады. Сондай-ақ жеке сот орындаушымен тікелей байланысқа шыға алады. Ол үшін Тараптар кабинеті фунукциясын қолданып арызды дайындап сот орындаушыға жолдау қажет. Арыз 5 жұмыс күн ішінде қаралу қажет.

Жүйенің құрылымы азамат пен жауапты сот орындаушысының арасындағы байланысты да барынша жеңілдетуге бағытталған. Пайдаланушы жеке кабинеті арқылы өз сұрағын жедел жолдай алады.

Евгения Завьялова, ШҚО Әділет департаментінің бас маманы:

Белгілі бір мәзір бойынша өтініш беру үшін алдымен сол мәзірді таңдап, «Өтініш беру» батырмасын басу қажет. Одан кейін «Өтініш түрін» белгілеп, себебін көрсетіп, қажетті мәтінді енгізесіз. Соңында ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Осыдан кейін жүйе өтінішті қол қою үшін автоматты түрде eGov mobile қосымшасына жүктейді.

«AdiletGov» қосымшасы Google Play мен App Store-да қолжетімді.

Бекарыс Секен, Руслан Абугалиев