Күні кеше «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Басқосуда қоғамдық даму мен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері қаралды. Шараға облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Мінберге шығып сөз алғандардың алғашқысы Райфа Сафиоллинова. Депутат әйел азаматтардың өңірлік саясатқа араласу деңгейі жоғары екендігін тілге тиек етті. Көшбасшылық әлеуетін арттыруда бірқатар шара қолға алынған. «AMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы Әйелдер қанаты бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Райфа Сафиоллинова, «AMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы Әйелдер қанаты жетекшісінің орынбасары:

Статистикаға сүйенсек көшбасшы әйел біздің өңірімізде әр салада бар. 50%-дан артық бар. 79% да бар. Сол себептен ойлаймын әйелдің рөлі осы өңірдегі саясатқа деген. Қол ұшын тигізіп және біздің өңіріміз ары қарай өркендей береді деп ойлаймын. Егер әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деп.

Жиында талқыға түскен мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Мұнда әйелдерді қолдау жөніндегі дағдарыс орталығының жұмысы, зардап шеккендерге көмек көрсету жайы да сөз болды. Бұдан бөлек, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау және әлеуметтік инклюзия қағидаттарын нығайту жөніндегі бастамалар ортаға салынды.

Мадина Әуренова, «DEMEY» оңалту және түзету орталығының жетекшісі:

Дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс, олардың отбасыларына қолдау «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты жұмысының бір бағыты. Тек қана қала төңірегінде емес сонымен қатар аудандарғада көшпелі консультациялар аясында бірқатар аудандарға бардық. Ата – аналармен кездесіп, бағыт – бағдарлар беріп. Балалармен іс әрекеттерін ұйымдастыру алгоритімін мүмкіндік беретіндей. Мамандарға кәсіби ақыл – кеңестерімізді ұсыныстарымызды беретіндей мүмкіндіктеріміз болды.

Шараға қатысушылар ана мен балаға қамқорлық мемлекеттік саясаттың басымдыққа ие бағыты екендігін атап өтті.

Гүлдана Айдарқызы