Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші тұрақты. Биыл өңірде ауылшаруашылығы саласындағы өңдеу 71 пайызға жетіп, экспортқа өнім шығару көрсеткіші ұлғайып келеді. Балық өсіру көлемі 2,5 есе артып, қара Ертіске 51 мыңнан астам Сібір бекіре балығы жіберілді. Инвестицция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Айталық жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын 81 жобаны іске асыру жоспарда бар. Қазіргі кезде оның 64 жүзеге асырылуда. Биыл 55 миллиард теңгенің 15 жоба іске қосылмақ. Әсіресе туризм саласын дамытуға өңірдің әлеуеті жоғары. Ал екі ауданда жүзеге асырылып жатқан әуежай құрылысы қарқынды Зайсанда жұмыс 66 пайызға, ал Катонқарағайда 55 пайызға аяқталды. Бұдан бөлек, 856 шақырым жол жөнделді.Ағымдағы жылы аймақта 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 350 пәтер салынды. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында 92 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік саланың да даму қарқыны тұрақты, Медициналық пунктер мен мектеп құрылысы жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесінде материалдық-техникалық база жаңартылуда. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында да жұмыс атқарылуда. Өскеменде ауа сапасын бақылайтын 25 станциядан тұратын желі құрылып, кәсіпорындарда шығарындыларды бақылау жүйесі енгізілуде. Бирифинг барысында аймақ басшысы Нұрымбет Аманұлына өңір дамуына қатысты әсіресе экологиялық ахуалға байланысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар шалғай жатқан Марқакөл ауданындағы жағдай да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек Зайсан тұрғындарын газбен қамтамасыз ету, халықты таза ауыз сумен қамту, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және өзге де өзекті мәселелерге қатысты сауалдар қойылды.