Облыс орталығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері ТЖ мамандарымен және Ұлттық ұланның 5518 әскери қызметкерлерімен бірлесіп «Титан» бау-бақша қоғамындағы үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Мамандар өрт пен жеке қауіпсіздік талаптарын, жол қозғалысы ережелерін еске салып, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ескертті.
Жедел-профилактикалық шара аясында бүгінге дейін 300 мыңнан астам көп қабатты пәтер қамтылды. Нәтижесінде қала бойынша отбасылық, тұрмыстық жанжал шығарған азаматтарға 2500 астам қорғау нұсқамасы шығарылған.
Бейбіт Мұсақанов, Өскемен қ. ПБ ППБ командирінің орынбасары:
«Учаске» жедел іс-шара аясында Согра кентінде орналасқан Титан бау бақша қоғамында бүгін профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Өскемен қаласы полиция басқармасы қызметкерлерімен. Бұл іс-шараның мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамыз ету, қылмыстардың алдын алу, және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Профилактикалық іс-шара аясында Ішкі істер органдарында есепте тұрған, бұрын соты болған адамдардың бәрін тексеру, мас күйінде жүрген адамдарды қоғам орында, қылмыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шарада Өскемен қаласы полиция батолонның учаскелік қызметкерлі және де криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде
«Учаске» жедел-профилактикалық шарасы желтоқсай айының 1-не дейін жалғасады. Полиция өкілдері халықты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.
Бекарыс Секен