Аймақтағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл қызмет көрсету саласы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңызды реформалардың бірі. Мерекелік шараға сала қызметкерлері мен ардагерлері, белді қоғам өкілдері қатысып, орталықтың қалыптасуы мен дамуы жолына шолу жасады.

Бұл қызмет көрсету саласы – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді және ыңғайлы түрде ұсыну үшін қажет. Елдегі алғашқы ХҚКО-тары 2007 жылы өз жұмысын бастады. Сол жылы аймақтағы алғашқы нысан Өскемендегі Белинский көшесі 37А мекенжайында ашылған. Бүгінгі таңда ШҚО – мемлекеттік қызмет сапасы бойынша деңгейі ең жоғары өңірлердің бірі.

Айжан Агибаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ ШҚОФ директорының орынбасары:

Осы 20 жыл ішінде мемлекеттік корпорация үлкен жол өтті. Миллиондаған мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Жаңа ХҚКО ашылды.Халыққа қызмет көрсетудің мобильді сервистері, мемлекеттік қызметтер енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету біздің ең бірінші мақсатымыз.

Бүгінде ХҚКО – тек құжат рәсімдейтін орын емес, заманауи цифрлық сервис орталығы. Мұнда мобильді қосымшалар, Telegram-боттар, онлайн кеңесшілер арқылы қызмет алу мүмкіндігі бар. Жиында бұл қызметте елеулі орыны бар, қажырлы еңбегі, табанды қызметі үшін тер төккен үздік мамандар марапатқа ие болды. Алғысқа бөленгендердің бірі – Ардақ Төлеуханқызы. Ол «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

Ардақ Төлеуханқызы, Зайсан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы:

Бұл жерде халыққа қызмет көрсету деп ойлаймын. Әртүрлі адамдар келіп жатады. Жасы да бар, қарты да бар. Соның барлығының көңілінен шығып, жақсы көмек көрсету деп ойлаймын. Бүгін төсбелгі мен алғыс хат алып жатырмын. Өте қуаныштымын.

Алғашқы жылдары орталық бөлімдерінде бар болғаны 67 қызметкер еңбек етсе, бүгінде өңір бойынша 220-дан астам маман тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр. Шараға арнайы келген Әлия Нығмеджанова бұл қызметтің маңызын атап өтті. Ол бұған дейін №2 қалалық ХҚКО-да басшылық қызметте жұмыс істеген.

Әлия Нығмеджанова, зейнеткер:

Мен бұл салада 20 жыл қызмет атқардым.Мен алғаш жұмысқа орналасқан жылдары ХҚКО жиырма шақты мемлекеттік қызмет көрсететін. Бұл өте ауқымды, күрделі жұмыс болып көрінетін. Ал, қазіргі таңда ХҚКО түрлі форматта жұмыс істеп жатыр. Қызметтің 200-ден астам түрлері бар. Қаншама жылдар ішінде бұл сала қарыштап дамып, өзінің көмегін көрсетіп келеді.

20 жыл – бұл тек мерейтой ғана емес, тұрақтылық пен сенімнің, сондай-ақ үздіксіз жаңғыруға деген ұмтылыстың көрінісі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы уақытта да қызмет сапасын арттырып, инновациялар енгізу арқылы мемлекет пен азамат арасындағы байланысты нығайта түспек.

Фатима Тілейханқызы