Өңірде қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы техниканың тексерісін өткізді. Мамандар көліктердің техникалық жағдайын қарап, жабдық пен құрал-саймандардың жұмысқа жарамдылығын тексерді.
Ауа райының қолайсыздығынан туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент өкілдері қызметкерлер мен көліктердің әзірлігін тексерді. Техника мен жеке құрам климаттық ерекшеліктерді ескеріп, аудан-аудандарға бөлінді. Мамандардың айтуынша, биыл жолдар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті техника мен адам күші дайын.
Эльдар Шаймарданов, ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының басшысы:
Ықтимал ТЖ жою, жедел ден қою үшін ТЖД 950 адам 16 эвакуациялық техника және 312 жоғары өтімді техника дайындалды. Бүгінгі таңда өңірдің құтқарушылар қолда бар техникамен құтқару жабдықтарын дайындыққа келтірді. Қойылған міндеттерді орындауға дайын. Негізгі қар көп түсетін аймақтар: Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекаралас аймағы бағытындағы жол. Өскемен-Серебрянск-Алтай және Рахман қайнары бағытындағы жол.
Өскемен-Самар, Шемонаиха-Бородулиха бағыты қар көшкіні жүруі мүмкін қауіпті аумақ саналады.Қыс мезгілінде облыста ауа райы күрт нашарлап, боран, көктайғақ, қардың қалың түсуі жиі қайталанады. Осындай жағдайда көмек дер кезінде көрсетілуі үшін арнайы техника тексерістен өтеді. Құтқарушылардың дайындығы – төтенше жағдай салдарын жою тиімділігін арттыруға, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.
Қымбат Иманғали