Ұлан ауданында 2029 жылға дейін 358 млрд. теңге инветиция тарту көзделген.Бұл қаражат ауданды жан-жақты дамытуға бағытталмақ. Агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және туризм салаларының әлеуетін арттыру да көзделіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіалаңында өткен брфинг барысында айтылды.

Былтыр жеке инвестициялар есебінен Украинка ауылында 600 бас ірі қараға арналған роботтандырылған ферма салынды. Осылайша, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты.

Лязиза Кенжетаева, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

196 млн теңгеге ірімшік өндіру цехы Ұлан «Багратион» ЖШС жаңартылды. 70 млн теңгеге «Оstfish» ЖШС кәсіпорны реконструкциядан өткізді. 258 млн теңгеге суармалы алқапқа су алу және жеткізу инфрақұрылымының құрылысы «Агро» шаруа қожалығы аяқтады.

Ауыл шаруашылығында да оң өзгерістер байқалады. Ауданда 57 мың бас ірі қара, 99 мың бас қой мен ешкі, 43 мың бас жылқы, 8,5 мың бас шошқа және 3,4 млн бас құс бар. Мал басының өсімі жақсы, көрсеткіштер жыл сайын артып келеді. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» мен су үнемдейтін технология жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде 13 жабдық орнатылып, суарылатын жер көлемі 1,1 гектарға артты. Ауданда қысқы туризм дамып келеді. Әсіресе, Шалқар көліне келушілердің саны жыл сайын артып келеді.

Лязиза Кенжетаева, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

Шалқар көлі жағасында муниципалдық жағажайға апаратын кірме жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шыбындыкөл көліне дейінгі жол грейдерленді. 1-ші, 2-ші Сібе көлдеріне дейін апаратын жолдарды жөндеу жоспарлануда.

Ауданда жол-көлік инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Отрадное, Сағыр ауылдарында жалпы ұзындығы 3,5шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аяулым Усинова