Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде өзекті төрт мәселе қозғалды. Депутаттар өңірлік бюджетті қайта қарастырып, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша өз ұсыныстарын айтты. Өзге де талқыланған сұрақтар бойынша тілші бейнематериалында.
Басқосуда 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Оған республикалық трансферден бөлінетін қаржы мөлшерінің өзгеруі және облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің шамадан тыс жұмсалуы негіз болды. Осыған байланысты бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген қаражат көлемі азайтылды.
Нұрсұлтан Маратов, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:
Оның ішінде Өскемен қ. 19 шағын ауданында 600 орындық мектеп салу бойынша 100,8 млрд теңге, Глубокое ауданы, Белоусовка кентіне Опытное поле 300 орындық мектеп салу бойынша 233 млн теңге, Риддер қ. 200 төсек стационары және 500 келушіге арнаған емханасы бар көпбейінді аурухана кешенін салу бойынша 1,1 млрд теңге. Алтай ауданы, Серебрянск қаласындағы инфрақұрылымды қайта жаңарту бойынша 150 млн теңге, аудан әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу бойынша 77 млн теңге қайтарылды.
Бұдан бөлек, өңірдегі елдімекендерде жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы шешім қабылданды. Сондай – ақ суды тиімді пайдалану бойынша ереже енгізілді.
Арман Есентаев, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Ережеге сәйкес кез – келген азамат өз мұқтажы бойынша балық аулауға, демалуға арналған регламентті айтты. Екіншіден ауылшаруашылығы малдарын суаруға тиісті регламенттерді бекітеді. Осы ережеге сәйкес әрбір кез – келген азамат су айдындарында ластау, қоқыстану бойынша шектеулерін бекітеді. Облыс бойынша ережеге сәйкес әр азамат су айдында тегін су пайдалануға болады деп бекітіледі.
Жиын барысында депутаттар осыған дейін өткен сессияда қабылданған бірқатар мәслихат шешімдерінің күшін жою туралы өз ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткішінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Береке - бірлігі жарасқан еңбекқор ШҚ халқының әл ауқатын сіздермен біз бірлесе отырып көтеруіміз керек барлық жағдайды жасауымыз керек. Инвестиция тарту аясында бірінші кезекте өңірге деген сенім арттыруымыз керек. Осы уақытта бірлескен жұмыс істеуге шақырамыз.
Шара соңында бірқатар облыстық мәслихат депутаты ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Гүлдана Айдарқызы