Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында футболдан облыстық деңгейдегі жарыс өтті. Күршім ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен өткен додаға аймақтың әр түкпірінен 8 команда қатысты. Спортшылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Тәртіп пен табандылыққа шыңдайтын бұл спорт түрінен бақ сынауға келгендердің қарасы қалың. Күршімдік Жансерім Бауыржанов 16 жасынан футболға қызығады. Бүгінде аудан бойынша үздік ойыншылардың бірі.

Жансерім Бауыржанов, жарысқа қатысушы:

Жарыс өте жақсы деңгейде өтті. Бәріміз қызу дайындалдық. Күршім командасы кубог қойғаннан кейін ерте дайындалдық. Екі команда шығардық. Жарыс өте жақсы деңгейде өтті. Қатысқан командаларға рахмет. Спортты дамытып, арамыздағы ауызбіршілігімізді артқызып өте жақсы жарыс өтті.

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өткізілген бұл шара жастардың спортқа деген ынтасын арттырып қана қоймайды. Олардың елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын нығайтуға сеп. Жарысқа бес төреші төрелік етті. Әділ бағаларын беріп, жіті қадағалады.

Оралбек Әділханов, төреші:

ШҚ Футбол лигасының төрешілігімен осы жарысты өткізіп жатырмыз. Бірінші ойын болып жатыр міне Глубокое мен Күршім арасында. Ары қарай Риддер мен Самар командасы қатысады. Кесте бойынша ойын бола береді. Жастар міне жерде 15-16 жастан бастап үлкен бәр жаста қатыса береді. Главное желания дейдіғой.

Аймақта бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Мәселен, аудандық футбол командалары соңғы жылдары жоғары жетістіктерге жетіп жүр.

Сымбат Дүйсенғазин, Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

Бұл чемпионатқа Риддер қ., Ұлан ауданы, Тарбағатай, Самар ауданының, Үлкен – Нарын аудандарының және Күршім командалары қатысып отыр. Біздің негізгі мақсатымыз – ШҚ футбол деңгейін көтеру. Спортшылардың бір – бірімен араласуын, достық қарым – қатынасын нығайту болып табылады.

Жарыс нәтижесінде үздік деп танылғандар арнайы медаль, кубоктармен марапатталады.

Гүлдана Айдарқызы