Аймаққа Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызы келді. Сәуле Мешітбайқызы шығыстағы жастармен кездесті. Кездесуде ұлттық құндылықтар төңірегінде әңгіме қозғалды. Шараны ҚР Президенті әкімшілігі мен «Аманат» партиясының орталық аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды.

Сәуле Мешітбайқызы зор ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсеткен жастарға ризашылығын білдірді. Қадірлі мейман өз сөзінде қазақ қыздарының тәрбиесіне жеке тоқталып, оның маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, әр бұрымды салт-дәстүрді сақтап, тәрбиені бойға сіңіруде үлкендердің айтқан уәждеріне құлақ түріп, санасына сіңіру керектігін айтты.

Сәуле Мешітбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Бұл сапарымызда біз ерекше тақырып алдық. Ауыл тағдыры-ұлт болашағы. 18 жыл бойы жылда экспидицияны жүргізіп келеміз. Қазір 8 ші облыста жүрміз. Солтүстіктің 3 облысы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Ұлытау, БҚО, Шығысқа кеше келдік. Кеше бүкіл аудандармен онлайн байлданыс, жиын өтті әкімшілікпен.

Сәуле Мешітбаева бүгінде қоғамдық өмірге белсене араласып, ауқымды да өзекті мәселелерді көтеріп келеді. Еліміз үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін тағы басқа да ұлттық құндылықтарды насихаттап жүр. Қазіргі таңда бұқара халық пен билік арасындағы алтын

Еркебұлан Балтабеков, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

Негізгі мақсат-жастарға, халыққа білім саласында , ағартушылық саласында кең көлемде үгіт насихат жұмыстарын жүргізу. Негізгі басымдық бүгінгі күнгі Мемлекеттік мқолдау шараларымен қатар, халық арасында отбасылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау болып табылады.

Сәуле Мешітбаева сексеннің сеңгіріне шықса да, бойдан қуаты кетпеген ол қай кезде де туған тіліңді, дініңді, жеріңді ұмытуға болмайтындығын жастарға айтып келеді. Студенттер көкейде жүрген көптеген сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

Сая Жарасқызы