Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Қазақстанның дамуы мен өркендеуі тікелей кәсіби мамандарға байланысты. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялануы – бұл еңбек адамдарына, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көрсетілген зор қолдау. Қазіргі заманда білікті жұмысшы – сұранысқа ие. Ал облыс орталығындағы Өскемен құрылыс – техникалық колледжі мықты кадрларды дайындайтын ұстахана. Білім ордасы жайлы әріптесім жалғастырсын.

Жыл басынан бері 5 436 колледж түлегі өз мамандығы бойынша өңірдің жетекші кәсіпорындарына жұмысқа орналасып, еңбек нарығына үлесін қосты. Бүгінгі таңда металлды өңдеу, жөндеу және технологияны біріктірумен айналысатын мамандар кез келген өндірістің тірегіне айналды. Аталмыш колледжде болашақ мамандарға тек теориялық білім ғана берілмейді. Олар әрбір оқу кезеңінде тәжірибе де жинақтайды.

Николай Бедин, Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің аға шебері:

Студенттерді құрылыс-техникалық мамандықтары бойынша даярлаймыз. Қазіргі таңда білім алушылар электргазымен дәнекерлеуші саласы бойынша тәжірибеден өтуде. Бұл кәсіпорында өзіміздің 4 түлек жұмыс істейді. Өндірістік ортаға түспес бұрын, олар тиісті оқу-зертханалық жұмыстарын біздегі оқу өндірістік шеберханаларында жүргізеді. Студенттер өз алған білімдеріне сенімді. Менің ойымша, біз жоғары білікті мамандарды даярлап шығарудамыз. Сонымен қатар, ПРОМЭНЕРГОРЕМОНТ, Казцинк, УМЗ, ТМК сияқты ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз. Оқуды тәмәмдаған соң студенттердің барлығы 100% өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Тәлімгерлер жұмысты тек үйретіп қана қоймай, өз білген – түйгендерін студенттерге айтудан жалыққан емес.

Александр Худяков, «ВК ПРОМЭНЕРГОРЕМОНТ» ЖШС шебері:

Біздегі жұмыс процесі — металл өңдеу, дәнекерлеу, механикалық өңдеу , кейде жабдықтарды жөндеу жұмыстарын да атқарамыз. Студенттерді барынша үйретеміз. Жұмыс ұнаса осында ары қарай қалып іске кіріседі. Жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытатынына қуаныштымыз. Ең басында жас мамандар қиналуы мүмкін. Дегенмен, уақыт өте келе қалыптасып алады. Оларға әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз.

Облыс орталығындағы өнеркәсіптер тоқтаусыз жұмыс істеуде. Шеберлер арасынан енді ғана еңбек жолын бастаған жас мамандарды да көруге болады.

Ярослав Сергиенко, «ВК ПРОМЭНЕРГОРЕМОНТ» ЖШС 3-разрядты жөндеуші-слесарі:

Мен биыл Өскемен құрылыс-техникалық колледжін тәмәмдадым. Қазіргі таңда «ВК ПРОМЭНЕРГОРЕМОНТ» кәсіпорнында жөндеуші-слесарь болып жұмыс істеймін. Бұл кәсіпорын өз басыма ұнайды. Екінші курс оқып жүргенде осында тәжірибеден өтуге келгенмін. Жұмысқа орналасқаныма екі жыл болды. Мұнда әртүрлі жабдықтарды жөндеп, уақытты тиімді өткіземін. Осы уақыт аралығында біраз дүниелерді үйрендім. Тәлімгерлер де жақсы.

Жастар жұмысшы мамандықтарының болашағы зор екенін айтады. Олар күрделі тапсырмаларды орындаудан тайсалмайды. Жаңа технологияларды игеруде белсенді.

Гүлдана Айдарқызы, Руслан Абугалиев