Зайсан ауданының өнерпаздары «Maxi Mall» сауда орталығында музыкалық-тақырыптық шеру ұйымдастырды. Шара аясында жиналған қауым назарына ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.
Зайсаннан келген өнерпаздар таңмен таласа қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға асықты. Әншілер сауда орталығын әуезді әнмен әрледі. Күмбірлеген күй мен жас бишілер ауданының өнерлі өлке екендіктерін көрсетті.
Зумрад Дүйсенбайқызы, Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
Сол сауда орталығында Зайсан ауданы бірінші болып осында келіп жатқан халыққа мәдени шарамызды ұсынайық деп келіп тұрмыз. Осы жерде Зайсан ауданының музыка мектебінің өнерпаздары, ұжымы және оқушы балалардың биші коллективтері келді. Зайсан ауданында жуықта ғана 80 жылдығын атап өткен Зайсан тех.колледжі ұжымы, жастары. Көп үйірмелер бар. Ақ әжелер, ғасыр әже топтары келіп отыр. Жиыны 74 адам.
«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өткен Зайсан ауданының мәдени күндері «Үміт» Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында жалғасын тапты. Зайсандықтар орталыққа сый-сыяпат жасап, тәттілер мен жеміс-жидектерін табыстады.
Сая Жарасқызы