Облыс орталығында Зайсан ауданы шаруаларының жәрмеңкесі өтті. Тауар өндірушілер ет, қымыз, сүт, бал, көкеніс сияқты түрлі өнімдерді саудалады. Сенбілік жәрмеңкеге жиналған жұрт қарасы қалың. Барлығы табиғи таза өнімді алғандарына дән риза.

Қала халқы демалыс күні әдеттегідей кезекті жәрмеңкеге ертелетіп ағылды. Бұл жолы Зайсан ауданының кәсіркерлері облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды. Таңсәріден өз жұмысын бастап кеткен сатушылар тұтунышыларды сапалы өніммен қамтамасыз етті.

Ермек Қорабаев, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

Жәрмеңкеге Зайсан ауданынан 26 бас мал әкеліп отырмыз. 7 тоннаға таяу. Арзан бағада ет сатып отырмыз. Жылқы еті 3100, ірі қара 3300, қойдың еті 3000.

Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шараларды өткізу, тауар өндірушіге де, тұтынушыға да өте тиімді. Ең алдымен, отандық әрі сапалы өнімді өткізудің ұтымды жолы. Келген кәсіпкерлердің бірқатары жәрмеңкеге ірі қараның еті мен ақ тағамдарды саудаға қойған. Солардың бірі - Бөкен Бақытбекқызы.

Бөкен Бақытбекқызы, сатушы:

Халыққа тиімді бағада беріп жатырмыз. Ет жақсы өтіп жатыр. Еттің сапасы жақсы, соғым кезі. Жайлаудан келген. Семіз. Жеңілдщіктер жасап жатырмыз.

Сауда алаңына келген халықтың қарасы қалың. Қала тұрғындары жәрмеңкені асыға күтетіндерін айтып, мұндағы төмен бағаға дән риза екендіктерін жеткізуде.

Бағдат Рахимова, қала тұрғыны:

Етті осы базардан аламыз. Бүгін жақсы алдым. 3000-нан. 120 мыңға алдым. Жақсы, рахмет. Мен өзім Зайсандікімін сондықтан Зайсан еті деп таңдап алдым.

Келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған зайсанның өнерпаздары әннен шашу шашты.

Сая Жарасқызы