Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күзгі маусым басталғалы бері өңірде балық аулау кезінде 2 қайғылы жағдай тіркелген. Оған қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған. Әсіресе, табиғат тосын мінез танытқанда суға шығу, құтқару кеудешесін кимеу және түңгі уақытта балық аулау – аса қауіпті факторлардың бірі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында профилактикалық шаралар өткізіп келеді. Құтқарушылар тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережесін түсіндірді. Одан бөлек, арнайы балық аулау дүкендеріне де барып, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, балықшыларға желді ауа райында және түнде суға шықпау, әрдайым құтқару кеудешесін кию, қайықты шамадан тыс жүктемеу және тек жарамды көлікті пайдалану ұсынылады.

Алмас Ракишев, ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бас маманы:

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап осы су айдындарында балық аулау кезінде екі балықшының суға кету фактілері орын алды, оқыс оқиға. Суға батудың басты себептері осы балықшылардың өздерімен бірге құтқару жилеттерінің болмауы себептерінен, мас күйде және де малтау білмеу себептерінен осындай оқыс оқиға орын алып жатыр. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Шығысқазақстандық құтқарушылардың жүзу білмейтін азаматтарға қайықпен балық аулауға қатаң тыйым салынатынын айтады. Әр балықшының қасында қуатталған мобильді телефоны болуы қажет. Сондай-ақ, суға шығар алдында туыстарына қайда және қашан оралатынын хабарлаған жөн. Егер төтенше жағдай туындаса, «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Талант Тұрсынов, Руслан Абугалиев