Сән мен сапаны бағалайтындар үшін қуанышты жаңалық! Өскемендегі «Валентина» сауда үйінде Пятигорсктің әйгілі «АнВаг» және «Беверден» брендтерінің эксклюзивті тон топтамаларының сатылымы басталды. Тек 30 қарашаға дейін өңір тұрғындары жоғары сапалы, сәнді тондарды тиімді бағада сатып ала алады.
Пятигорск аң терісі фабрикасынан тікелей облыс орталығына келген тондар көрмесі – талғампаздық пен сапаны жоғары бағалайтындар үшін ұйымдастырылған. Мұндағы әрбір тон үлгісі мінсіз талғаммен, сән мен нәзіктікті ұштастыра отырып жасалған.Көрме топтамасы мол таңдаумен ерекшеленеді. Классикалық үлгіден бастап заманауи дизайндағы сәнді модельдер ұсынылған. Жасыл, көкшіл, қоңыр, қара және сұр реңктер сән сүйер қауымның назарын бірден өзіне аударады.Келушілерге кәсіби кеңесшілер жеке стиль мен баға сәйкестігін ескере отырып, лайықты тонды таңдауға көмектеседі.
Андрей Немцуров, сатушы-кеңесші:
Біз келушілер назарына мутон, күзен және австралиялық мериностан тігілген тондардың кең ассортиментін ұсындық. Өлшемдерге келетін болсақ, 46-дан 62-ге дейін. Әрбір пальто жылы әрі сапалы материалдардан жасалған.Түстер палитрасы да аса бай. Әркім өз талғамына сай реңкті таңдай алады. Тондардың ұзындығыда әртүрлі. қысқасы 70 сантиметрден, ұзыны 120 сантиметрге дейін.
Сауда залында сапасы жоғары, табиғи жүннен тігілген сәнді бұйымдар ұсынылған. Әр өнім заманауи өңдеу мен тігу технологиясы арқылы жасалып, соңғы сән үрдістерімен үйлесім тапқан. Көрмеде ұсынылған тауарды қолма-қол және бөліп төлеу арқылы да сатып алуға болады. Келушілер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, ескі тоныңызды өткізіп, жаңа өнімге 100 000 теңгеге дейін жеңілдік алуыңызға болады. Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады. Мекенжайы, Назарбаев даңғылы 61А, «Валентина» сауда үйі.
Аяулым Усинова, Ирина Санникова