Өскеменде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында шаралар легі қарқынды жүргізілуде. Солардың бірі - Жоғары политехникалық колледжінде өткен «Заң мен тәртіп» атты диалог алаңы. Кездесуді облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Шараға аймақтағы құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Дәл осы саясатты жастарға жеткізу, дәріптеу маңызды. Сала мамандары студенттерге «Заң мен тәртіп» атты ашық диалог алаңында толық ақпараттандырып, жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жандос Мұзтауов, ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

Өте өзекті мәселелердің бірі дроперлікке қатысты дәріс өткіздік. Бізде апта сайын білім беру ұйымдарымен әсіресе колледж, университеттермен көптеген шара өткіземіз.

Кездесуде интернет алаяқтықтан сақтану жолдары мен олардың түрлері жайлы ақпарт берілді. Бұдан бөлек,дорпперлер жайлы да сөз қозғалды.

Ислам Серік, студент:

Иә, бізге мұндай бірінші рет келмеген. Бұрында да келіп всегда айтып жүреді. Мұндай алаяқтыққа жоламау керек, өзің де ондай жолға түспеу керек деген сияқты. Қазіргі таңда қозғалып жатқан сұрақтардың бірі десек те болады.

Студенттер кездесуді аса қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сала мамандарының айтуынша аталған шара игі жалғасын таппақ.

Сая Жарасқызы