Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің алаңында индустрия бағытындағы зерттеу жобаларының тұсаукесері өтті. AI-Sana: EKTU Demo Day шарасына жасанды интеллект бағытындағы жобалардың авторлары жиналды. Жиынға өңірдің түрлі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Бұл күн —заманауи технологияларды дамытуға талпынған жастар үшін үлкен мүмкіндік.
AI-Sana: EKTU Demo Day — өңірде инновациялар экожүйесін қалыптастыруға бағытталған ашық алаң. Шараның мақсаты – жастарға қолдау білдіре отырып, ІТ-технологиялардың жүзеге асуына жағдай жасау. Бұл — білім беру мен өндіріс арасындағы көпірді күшейтеді.
Ұлан Несіпқалиев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры:
Конкурстың 800 мың теңгеден астам жүлде қоры бар. Оған жергілікті ІТ компаниялар демеушлік етіп отыр. Шара мақсаты – жасанды интелектіні насихаттау. Бұқара халыққа жеткізу.
Жобаларды таныстырудан бөлек, қатысушылар технологиялық компания өкілдерімен тілдесіп, кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Ең перспективалы және ерекше жобалар авторларына арнайы ақшалай сыйлықтар беріледі.
Мәди Бақашев, «Robosoft» ЖШС өкілі:
Біз мұнда жас таланттарды іздейміз. Бұл шара — мемлекеттік органдар, университеттер және компаниялар арасындағы интеграцияға жол ашатын бастамалардың бірі.
ЖОО-ның студенті Бекжан Лұқпанов өзінің достарымен бірге дәрігерлер үшін тиімді жоба ойлап тапқан. Оның айтуынша, дайындалған бағдарламада емделушілердің барлық анықтамалары көрсетіліп, тексеріс сынамаларының қорытындылары шығарылады. Мұндай жоба ақ халаттылардың уақытын үнемдеу үшін тиімді.
Бекжан Лұқпанов, ЖОО студенті:
Біздегі проект медицина жағына бағытталаған. Бұл жерде бізге дәрігерлерге көмек көрсетіледі. Олардың жұмысын жеңілдету. Сайтта бізде барлығы жазылған, бір жерге жинақталған. Проект «Hill hab» медициналық көмекші деп аталады.
Бұл бастама арқылы қатысушылар өндірістік міндеттерді шешуге арналған жобаларын таныстырып, сарапшылар алдында қорғауға мүмкіндік алды.
Фатима Тілейханқызы, Руслан Абугалиев