Ұлан ауданы жылдың алғашқы бес айын табысты қорытындылады. Өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту бағытында оң өсім бар. Инфрақұрылым мен туризм саласында да нақты нәтижелер байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Рустам Сәдуақасов мәлімдеді.
Ауданда жыл басынан бері индустриялық сектордағы өндіріс көлемі 25 миллиард теңгеден асса, ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 37 миллиардты құраған. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 4,7 миллиард теңгеге жеткен. Сондай-ақ, 186 жаңа жұмыс орны ашылған, оның 94-і тұрақты.
Рустам Сәдуақасов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:
«Ауданның 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 15,8 млрд теңге бюджет қаражатын 357,9 млрд теңге жеке инвестициялар тарту жоспарланған. Сонымен қатар, Алтай-инвест 20-25 инвестициялық қорымында 2028 жылға дейін іске асыру мерзімімен 26 млрд теңге бойыншак 5 жылдық меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда осы меморандумды іске асыру кезең-кезеңімен қарастырылып жатыр.
Туризм саласы да аудан экономикасының маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. Қазір ауданда 26 демалыс орны қонақтарды қабылдауда. Өткен жылы туристер саны 14,5 мың адамға жеткен.
Рустам Сәдуақасов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:
Шалқар көлінде туризімнің қысқы түрі дамытуда. Жазда көлде жағажай жұмыс істейді. Ағымдағы жылы жағажай маңын абаттандыру жұмыстарын атқару үшін облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп қазір жұмыстар басталып жатыр. Сонымен қатар, Дұбығалы, Шыбынды, Айыр көлдердің жағалауында муниципалды жағажайлар салу жоспарланып отыр. Бозанбай аулында ауыл туризмі дамып келеді.Туристер қонақүйлерде ауылдың тыныс тіршілігін сезініп, жергілікті мәдениет пен әдет ғұрыппен танысып, ауылдың жұмысын істеп көре алады.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда аудан кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 674 млн теңгені құрайтын 50 жеңілдетілген несие берілген. Бұл қаражат туризмді дамыту, қайта өңдеу, құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жобаларына бағытталған. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері 1000 гектар жер қайтарылды.
Кәусар Идаятқызы