Катонқарағай ауданында салынып жатқан жаңа әуежай құрылысы жоспарға сәйкес қарқынды түрде жалғасып жатыр. Аталған жоба өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық маңызы зор бастамалардың бірі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында негізгі жұмыстар қатар жүргізілуде. Жолаушыларға қызмет көрсететін терминал, әкімшілік және техникалық ғимараттар, диспетчерлік мұнара, қоймалар мен қосалқы инфрақұрылым нысандарының құрылысы да жалғасуда.

Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталған. Бүгінде жобаның 56 пайызы аяқталып, ұшу-қону жолағына асфальттың бірінші қабаты төселді. Енді кезең –кезеңімен қалған жөндеу жұмыстары жалғасады.

Нұржан Ескендіров, Әуежай құрылысы жобасының жетекшісі:

Жоба бойынша шығарылатын топрақтың көлемі өте үлкен, өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай, 500 мың-600 мыңнан текше метрден асады. Жер бедері тегіс емес, ұшық жолдардың айналасындағы бүкіл аумақ тегіс болу керек. Сондықтан барлық артық топрақ шығарылады. Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде, 125-ке жуық техника мен 300 адам жұмылдырылған. Құрылыстың жылдамдығына ауа райы әсер етеді. Мысалы, былтыр тамыз айынан бастап жауын жауып, біздің жұмысымызға қиындық тудырды. Осының бәріне қарамастан жұмыс қыс бойы және көктем бойы жалғасты.

Мұнда, жер бедерінің тегіс еместігне орайластырылып, бетон мен арматурадан арнайы тіреу қабырғалары да құйылып жатыр. Яғни олар жер қозғалған уақытта тұрғызылған ғимараттар мен нысандардың жылжып кетпеуінің алдын алады.

Нұржан Ескендіров, Әуежай құрылысы жобасының жетекшісі:

Қосымша бізде жоба бойынша осы ғимараттар айналасында осындай үш шақырым подборный стена қойылады. Жер бедері тегіс емес, рельефке байланысты осы подборный стена кейін жерді жылжымау үшін керек болады. Үш шақырым подборный стена.

Нысан аясында болашақ әуежай аумағын айналып өтетін республикалық маңызы бар жаңа автожол салынуда. Бұл Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарына арнайы мамандар мен бірнеше арнайы техника жұмылдырылған.

Тұмса табиғаты мен және тереңде жатқан тарихымен Катонқарағай ауданында салынып жатқан әуежайдың бүгінде 50 пайыздан көбі біткен. Мұнда ғимарат құрылысанан бөлек, Асфаль төсеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде яғни тас жол төсеудің бүгінде 2,5 шақырымы дайын.