Облыс орталығында «Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында ауылшаруашылық жәрмеңесін өткізу игі дәстүрге айналған. Апта сайын ұйымдастырылатын шараға бұл жолы Күршім ауданының өнімдері әкелінді. Тұрғындар азық – түлікті нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағамен алуға мүмкіндік алды.

Қала тұрғындары мен қонақтары сауда алаңына таңғы 8 – ден ағылуда. Ал тауар өндірушілер сағат 6- дан бастап әкелгендерін сөрелерге қаз – қатар тізген. Жәрмеңкеге жеті ауылдық округтен 13 кәсіпкер келген. Фарида Серікованың өнімі көпшіліктің көңілінен шыққанға ұқсайды.

Фарида Серікова, кәсіпкер:

Фарш, тазалынған балықтар болды. Құйған ауылдық округінің атынан келіп тұрамыз. Енді халық біледі өздері келіп жатыр. Бәрі жақсы, Күршім деген соң бәрі келеді. Тым қымбат бағада сатпаймыз. Бағаты тиімді халыққа. Өте қымбат емес. Капчен балықтар 1000-1500, 2000-2500, тазаланған балықтар 2000-1800 ден. Фарштар 1500 – ден сатамыз.

Жәрмеңкеге сегіз мың тоннаға жуық ет өнімдері әкелінді. Одан бөлек, табиғи таза бал, сүт өнімдері де ұсынылды.

Ришат Искаков, Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Ауылшаруашылық басқармасының бекітіп берген шекті бағасы бар. Бірақ енді кәсіпкерлер шекті бағадан төмен сатып жатқан кәсіпкерлер бар. Өздеріңізде көріп отырсыздар жылқы еттерін 2500 –ға дейін төмен бағада сатып отырғандар. 3000 теңгеден сиыр еттерін. Қой еттері тушалай болғандықтан оптым сатып жатыр.

Күзгі жәрмеңкеге жиналған көпшілік өнімдерді делдалсыз тікелей тауар өндірушіден сатып алды. Халық дән риза.

Шыңғыс Манарбек, қала тұрғыны:

Өте жақсы жәрмеңкенің болғаны. Себебі сауда орталықтарында қымбаттау, бұл жерде қолжетімді және табиғи таза ауылдың малы. Ауылдың малының еті бөлек дегендей. Күршім жері таулы жер, құнарлы шөп жеген малдар құнарлы, еті де витаминге толы болады.

Зейнегүл Андағұлова, Глубокое ауданының тұрғыны:

Етті берді. Қазысына етіне төледік. Қартасын бесплатно берді. Соған разы болып келе жатырмыз. Жақсы жәрмеңке жасап қойғандарыңыз. Кейде қатты 2-3 сағат пісіретін ет болып қалады. Жас мал қайсы не екенін білмеймін. Ажырата алмаймыз біз. Осы жолы жақсы ет алдық деп ойлаймыз.

Еске салсақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелері қаланың ішкі нарығында бағаны тұрақтандыруға және отандық өнімдермен толтыруға бағытталған.

Гүлдана Айдарқызы