Қалалық және облыстық мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Додаға қатысушылар Өскемен қаласы әкімінің кубогі үшін бақ сынасты. Шараның мақсаты – ұстаздар қауымы арасында салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланысты нығайту. Спорттық сайыстың ашылуына арна тілшісі де барып қайтты.

Жарысқа аймақтың бірнеше мектеп ұжымдарынан құралған 18 команда қатысты. Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Солардың бірі - Зайсан қаласының намысын қорғап жүрген Сырым Тастағанов. Ол дене шынықтыру пәнінен ұстаз. (00203)

Сырым Тастағанов, жарысқа қатысушы (Зайсан қ.):

Жұмыс жасап жатқаныма 6 жылға кетті. Өте жақсы. Кішкентай оқушыларды тәрбиелеп жатқан жайымыз бар. Сондықтан үлкен өзіміздің ШҚО – да мұғалімдер арасында, педагогтар арасында жарыс болады дегеннен кейін бір команданы Зайсан қ. Ломоносов орта мектебінен бір команда келіп отырмыз. Дайындықтарымыз өте жақсы. 15 күн дайындалдық. Осы жарысты естігеннен кейін.

Бас төреші Әділ Сайлаубек мұндай шаралар ұстаздардың бірлігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын оятады, дейді. Ол алғаш рет ұйымдастырылған шараның өзіндік ерекшеліктерін де атап өтті.

Әділ Сайлаубек, бас төреші:

Бұл жарыстың ерекшелігі 4:2 дейміз. 4 ұл, 2 қыз мұғалімдер арасындағы ойын. Бұл ойынның мақсаты – біздің достық, бірлік, салауатты өмір салтын насихаттау. Болашақ педагогтер, оқушыларымыздың өз бойында ұстаздарының спортпен айналысып жүргенін көрсе біраз шабыттанып, рух алады деген ойда жасалынған дүние.

Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Алмат Ақышов арнайы келді. Шаһар басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытқаны үшін командаларды марапаттады.

Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:

ҚР волейбол федерациясының президенті Тәкиев Мәди мырзада қабылдауда болдым жұма күні. Бірақ мәселе ол Өскемен қ.волейбол орталығын ашу мәселесі. Ол кісі қолдады, бұйыртса шаһарымызда жуықта 1-2 жылда волейбол орталығы ашылады. Сіздерге жаңалық ретінде бөліскім келіп отыр. Бүгінгі турниріміз сіздерге ұстаздарға деген сиымыз деп қабылдаңыздар. Тек қана шын мықты жеңіске жетсін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Шәкәрім атындағы №1 орта мектепке бұйырды. Ал екінші орынға №46 орта мектеп табан тіреді. Үшінші орынды Тарбағатай ауданынан келген Абай атындағы орта мектеп қанжығасына байлады.

Гүлдана Айдарқызы