Облыс орталығында 2008–2009 жылы дүниеге келеген жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. 16–23 қараша аралығында өтетін бәсекеде әр өңірден жиналған өрендер бақ сынайды. Додаға жалпы саны 20 команда, төрт жүзге жуық спортшы келген.
Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Аймақ басшысы өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына тоқталды. Өңір әкімінің айтуынша, аймақта 1 628 спорт нысаны жұмыс істейді. Тағы 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Ал өңірдегі 1200 жас спортшы бокспен кәсіби түрде айналысады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Мемлекет басшысы әрдайым спорт саласына көңіл бөліп отырады.... салынады. Қазақстан спорттың ішінде бокс саласында өзіндік орыны бар ел. Жақында ғана ерлер арасында бокс чемпионатынан бірінші орынды жеңіп алды.... рахметімізді айтамыз.
Ұлытау облысынан келген Нұрасыл Оңғарбай бұл жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Бұл жарыстан үлкен үміт күтеді.
Нұрасыл Оңғарбай, жарысқа қатысушы (Ұлытау облысы):
Боксқа қатысқаныма 6 жыл болды. ҚР Чемпионатына жақсы дайындықпен келіп отырмын. Жарыс өте үлкен деңгейде өтіп жатыр. Барлығына сәттілік тілеймін.
Шығыстың былғары қолғап шеберлері де бокстан кенде емес. Жас өрендердің жеңіске деген ұмтылысы жоғары.
Мансұр Жұмажан, Жарысқа қатысушы (Өскемен қ.):
Бұл жарысқа өте көп дайындалдық. Дайындығымыз өте мықты болды. Алдағы жарыста күшті нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Біздің балалар өте мықты деп айта аламын.
Ашылу рәсімінде шығыс боксын қалыптастыруға үлес қосқан аға буын ардагерлерге «Қазақстан Республикасы боксының ардагері» төсбелгілері табысталды. Олардың қатарында Николай Нам, Жұмағали Сакитов, Бағлан Раимханов, Михаил Никифоров және өзге де атақты бапкерлер бар.
Серік Иманбаев, ҚР боксының ардагері:
Бокспен 11-12 жыл айналыстым бала кезімнен... болсын.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарыстың маңыздылығын атап өтіп, осы чемпионатта үздік шыққан жастар алдағы Азия және Әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайтынын жеткізді.
Қайрат Сәтжанов, Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері:
Бұл боксшылардың арасында Азия, Әлем чемпиондары бар.... рахмет айтамыз ұйымдастыру алқасына.
Алда спортшыларды маңызды жекпе-жектер күтіп тұр. Чемпионат нәтижесінде елдің ең үздік жас боксшылары анықталып, жаңа спортшылардың есімдері Қазақстан боксының тарихына жазылмақ.
Фатима Тілейханқызы