Өскеменде үздік математиктер бас қосты. Білікті мамандар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де фундаменталды және қолданбалы математиканың өзекті мәселелерін қаузайды. Бұдан бөлек, математика, ақпараттық технология саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, ғылыми зерттеулерді талқылайды.

Конференцияға Қазақстанның түпкір-түпкірінен және шетелден келген 30-дан астам математик қатыстып жатыр. Жиында аталған саладағы өзекті мәселелер мен тың бастамалар талқыланады. Ғалам математиктері мен елдегі мамандар арасындағы әріптестікті нығайту жайы да сөз болмақ.

Махмұд Садыбеков, математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры:

Сәрсен Аманжолов университетінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – елдегі математиктердің біліктілігін арттыру,халықаралық деңгейде жетістікке жеткен мамандармен әріптестік орнату, тәжірибе алмасу.

Жиын барысында ғылыми жұмыспен айналысып, грант иегері атанғандар өз жобасын таныстырды. Бұдан бөлек, бұл салаға жасанды интеллектіні енгізу жолдары та талқыға түсті.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:

Негізгі мақсат конференцияның осы өңірлерден де болашақ математиктерді тапсақ деген негізгі ой. Ең болмағанда екі-үш математикті алып, ғылыми жобаларға қоссақ және оларды әлемдік математиктерге айналдырсақ. Енді қазіргі таңда президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ЖИ технологиялық үрдістерді дамытуды көздеп отыр. Оның негізі ол математика. Үйткені ол жерде үлкен мәліметтер жиынтығы. Сонымен қатар ЖИ дамыту барысында математикалық алгаритмдер арқылы стандартты есептерді қайталамай, соны дайын алгаритмдерге салып, үлкен бір жетістіктерге жетуді көздеп отыр. Бүгінгі матаматикалық конгрестің негізгі мақсаты ЖИ дамытудың болашағын анықтау.

Қазіргі таңда математикалық модельдеу мен дәлелдеу әдісін ғылым саласында пайдалану қарқынды жүріп жатыр. Биология, медицина, ақпараттық технологияда жасанды интеллектіні енгізу уақыт талабы. Сондықтан жиында бас қосқандар бұл бағытты тиімді іске асырудың жолдарын қарастырды.

Тынысбек Қалменов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Барлық ғылымда математикалық мадельдеуді дәлелдеуді, математикалық мадельдеуді еңгізу жүріп жатыр. Қазақшалап айтқанда жасанды интелекттің үлкен бір бағдарламасы ұсынылуда. Биологияда, медицинада барлық жерде кіруі керек ол. Соның есебінен ЖИ қатты дамып келеді. Ол бізге математиктерге өте қуанышты нәрсе. Біздің математиктердің істейтіні алгаритм жасау. Сондықтан біздің жұмысымыз ғылыми жұмысымыз әлемдік деңгейде болу керек. Негізгі бағдарламамыз ғылымды әлемдік көтеру.

Халықаралық конференция өңір ғалымдарының шығармашылық ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, математиканың жаңа бағыттарын дамытуға серпін береді.

Нұртас Қайролдаев