Облыс орталығында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «MAMAN FEST» фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, еңбек құндылықтарын дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Игі шараны облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен аймақтағы Кәсіподақтар орталығы ұйымдастырды. Шара аясында шағын-футбол және волейбол турнирлері, командалық зияткерлік ойындар өтті. Бұл өндірістік салада еңбек етіп жүрген жастардың бірлігі мен рухын нығайтуға бағытталған.
Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Бүгін бізде жыл сайынғы «MAMAN FEST» жұмысшы жастар фестивалі ұйымдастырылуда. Бұл іс-шара бізде өңірісмізде жыл сайын ұйымдастырылады. Бұрыңғы жылдары Қайратты жастар, Завадная молодежь атаумен ұйымдастырылады. Ал, биыл фестиваль вариантына өзгерттік. «MAMAN FEST» атау бердік. Биылғы жылы бұл шараға өңіріміздің белсенді, шығармашыл 6 кәсіпорын жастары қатысуда.
«MAMAN FEST» еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, өңірде белсенді жастар ортасының қалыптасуына ықпал етеді. «Өскемен ЖЭО» командасы бұл сайыстың екі дүркін чемпионы. Дегенмен, өзге командаларда жеңіс тұғырынан көрінуді көздейді. Бұл жолғы сынға өңір жастары тыңғылықты дайындықпен келген.
Айта кетейік, фестиваль үш күнге созылады. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Фестивальдің жүлде қоры 2 миллион теңге.
Сая Жарасқызы