Облыс орталығында білім сапасын арттыруға бағытталған республикалық семинар өтті. «Жоғары білім берудегі сапа мәдениеті» деп аталған басқосуда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлар және білім саласының мамандары қатысты. Жиында сапа мәдениетін қалыптастыру, оқу процесіне жасанды интеллектіні енгізу және жоғары білімді халықаралық деңгейге бейімдеу мәселелері талқыланды.

Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитеті, Erasmus + ұлттық кеңсесі және жоғары білімді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобы ұйымдастырды. Шарада білім сапасының мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдықты күшейту және оны оқу процесіне енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Лаура Палуанова, Erasmus + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі:

Қазір жоғары білімнің алдында өте көп сын қатерлер тұр. Оның бірі жасанды интеллект. Жоғары білім саласында қалай интеграциялау керек. Онымен қалай жұмыс істеу керек деген сияқты түрлі түрлі сұрақтар мәселер туындауда. Сондықтан бүгінгі семинардың мақсаты осы сын қатерлер жағдайында сапа сөзі сапа мәдениеті қандай маңыздылыққа ие болады соны талқылау, қатысушыларға маңызда ақпарат беру, бұл семинарға тек оффлайн ғана емес, онлайн да қатысушылар қатысып жатыр барлығы 200 ге жуық.

Бұдан бөлек, кездесу барысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу оның сапасын арттыру және емтихан сессияларын әділ ұйымдастыру тақырыптары қаралды.

Рауза Мендалиева, ҚР ҒЖБМ Интернационалдандыру басқармасының басшысы:

Қазір жоғары білімнің алдында үлкен талаптар тұр. Мәселен, білім сапасының мәдениетін арттыру, жасанды интеллектіні оқу процестеріне енгізу жұмыстары бар. Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша арнайы топпен бірге шетелдік сарапшыларды тарта отырып, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Семинарға 200-ге жуық қатысушы, 50-ден астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, жоғары білім мен ғылым саласында сапа мәдениетін нығайту аса маңызды. Оның пікірінше, «қай салада болмасын, мәдениет қалыптасса, сапа да бірге өседі» -дейді.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:

Ерасмус + ұлттық офисімен және италия испаниядан ғалымдардың басын қосып бүгін біздің университетімізде осындай үлкен шара өтіп отыр. Бұл республикалық халықаралық семинардың негізгі мақсаты бұл сапаның мәдениетін қалыптастыру. Білім саласындағы, ғылым саласындағы сапа, ол ар ұят, адамдардың тазалығы қай салада болмасын бұл инженерия болсын білім саласы болсын. Егер мәдениет болатын болса сапа да жоғары болады, екеуі бір біріміз тығыз байланысты.

Облыс орталығында өткен семинар жоғары білім сапасын арттыруға арналған маңызды алаңға айналды. Білім саласындағы осындай диалог пен тәжірибе алмасу қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Бекарыс Секен