Облыс орталығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Мақсат-жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы биыл жыл басынан бері қалада 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 800-ге жуық адам зардап шеккен.

Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты бақылауға, жүргізушілердің мас болмауын тексеруге және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне ерекше назар аударуда. Алғашқы үш күнде 500-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде көлік басқарып ұялы телефон пайдаланғандар - 59, қауіпсіздік белдігін тақпағандар - 67, ал жаяу жүргіншілер тарапынан 151 ереже бұзу фактісі анықталды.

Ерасыл Самыратов, Өскемен қ. ПБ ППБ рота командирі:

Іс шараның негізгі мақсаты апаттылықтың алдын алу және жолдардағы құқық бұзушылықтарды ескерту. Өскемен қ ПБ ППБ инспекторлары көлік жүргізушілері мее жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтап жылдамдықты бақылауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлудеміз.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы қараша айының 23-не дейін жалғасады. Полиция өкілдері халықты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.

Бекарыс Секен