Облыстың аграрлық саласы дамып, ауыл шаруашылығында технологиялық трансформациясы жүріп жатыр. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені елде өнідірілген өнімінің 5,5% құрайды. Мемлекеттік қолдау тетіктері, жаңа технологияларды енгізу, шаруалардың кәсіби деңгейін арттыру бұл саланың әлеуетін кеңейтіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Өсімдік шаруашылығында негізінен егіншілік технологиялары кеңінен таралуда. Ауыл шаруашылығы өндірушілері GPS-навигацияны, дрондарды, сенсорларды және аналитикалық платформаларды қолданады. Бұл құралдар нақты уақыт режимінде топырақтың, егістіктердің және ауа райының жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені қашықтан бақылап қана қоймай, егістіктің тереңдігі мен енін, дәндер мен отындарды 10, 15% - ға үнемдеп, сапалы әрі біркелкі шығуын қадағалайды. Бүгінде автоматтандырудың арқасында шаруашылықтар күніне 100-150 гектарға дейін өңдейді. Бұл өнімділікке елеулі өсім береді.
Ажар Каджибекова, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Бұл шаралардың барлығы қазіргі таңда нәтиже беріп отыр. Облыс бойынша дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 2025 жылы 23 ц/га құраса, ал дәл егіншілік технологияны қолданған жерде 40 ц/га асады. Облыс цифрландыру ауқымын кеңейтетін болады.
Мал шаруашылығы саласы smart-фермалар форматына өтуде. Бұл жануарлардың өмірлік көрсеткіштерін автоматты түрде бақылап, азықтандыру рационын реттеуге және тұрақты ұстау жағдайларын қамтамасыз етуге жол ашады. Қазір облыста 33 заманауи сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді. Жуырда «Мойылды Байқоңыр» фермасы Алтай ауданында іске қосылды. Оның ішінде 7 сүт-тауарлы ферма технологиялық тұрғыдан дамыған. Айта кету керек, «Бобровка +» ЖШС 2012 жылы роботтандырылған сүт кешенін пайдалана бастаған алғашқы ферма болды. Ал қазір облыста мұндай фермалардың саны екеу. Қазір сиырларды ұстаудың технологиясы Алматы облысындағы қожалықтарда қолданылады.
Ажар Каджибекова, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Ағымдағы жылдың басынан бастап аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан, ҚХР елдеріне шамамен 89,6 мың тонна бидай жөнелттірілді. ҚХР мен Литваға шамамен 1 мың тонна күнбағыс экспортталды.
Бұдан бөлек, Өскеменде қуаты жылына 169 мың тоннаға дейін өнім өңдеуге қауқарлы май экстракциялық зауыты іске қосылды. Ал, Глубокое ауданында лецитин өндіру бойынша «Алтын Шығыс» ЖШС жобасы іске асырылуда.
Аяулым Усинова