Марқакөл ауданының келбеті қысқа мерзімде айтарлықтай өзгерді. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Инфрақұрылымды дамыту жұмысы қарқынды. Ауданда жаңа көше шамдары орнатылып, ғимараттардың қасбеттерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Марқаның тыныс-тіршілігін әріптестеріміз көріп қайтты.
Ауданның алдыңғы қатарлы жұмыстардың бірі — ауыл кіреберісіне орнатылған жаңа арка. Бұл нысан Марқакөлдің аймақ ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Бұл — Марқакөл ауданы инфрақұрылымын жаңарту жобасының бір бөлігі. Қазір жұмыстар жолдан бастап жарықтандыруға дейін бірнеше бағытты қамтып отыр. Жол белгілерін ауыстыру мен бағдаршам орнату — қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы маңызды қадам.Әсіресе, көлік ағыны көп учаскелерде бұл шаралар аса қажет.
Думан Ргаев, Марқакөл ауданының ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
Жергілікті полиция қызметінің нұсқаулығына сәйкес, біздің бөлім аудан бойынша 188 жол белгісін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде Марқакөл ауылы да бар. Сонымен қатар, Тоқтаров және Абылай хан көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршам орнатылды.
Бұдан бөлек, ауданда су құбырын тарту жұмыстары да жүргізілуде. Мердігерлердің айтуынша, жоспарланған 23 шақырымның 14 шақырымы төселген. Жобаны жаз айында толық аяқтау көзделіп отыр. Негізгі қиындық — жер қазу жұмыстары.
Қуаныш Асхатов, “LLS ASIA” ЖШС учаске бастығы:
Жұмыс барысында әртүрлі қиындықтар кездеседі. Учаскеден жер асты су шығып, қиыршық тас пен сазды орындар да кездесуде. Бұл техника таңдауға да, жұмыстың жылдамдығына да әсер етеді. Сондықтан, жұмыстың аяқталу мерзімі де осы факторларға байланысты. Әрбір учаскеде әртүрлі техника қолдануға тура келеді.
Көше шамдарының жаңартылуы — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалған маңызды қадам. Бірден жеті көшеге жарық берілген. Жұмыстар қазан айында басталды. Қазір жұмыстар аяқталуға жақын. Энергия үнемдейтін шамдардың сапасы жақсы. Ең бастысы, қараңғы түсе салысымен өз қызметін атқарып тұр. Орнатылған шамдар — ұзақ мерзімге шыдамды, берік материалдан жасалған. Бұл жүйенің көптеген жыл қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Аян Сиырбаев, «Семстройэлектро-2005» ЖШС директоры:
Шамдары 120 Ваттық. Материалдар өте сапалы. Ұзақ мерзімге қамтамасыз етілген.... бітіреміз деп ойлаймыз..
Марқакөлдегі жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Аудан бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерген.
Қуат Қизатов, Марқакөл ауылының әкімі:
Марқакөл ауылдық округінде «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында 7 көшеге жарық тартылып жатыр..... аяқталды.
Аудан статусын алғалы бері тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарған. Негізгі бағыттар бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Ал, алдағы уақытта өңір сапасын арттыруға бағытталған ірі жобалар жалғасатын болады.
Фатима Тілейханқызы, Мирас Сабитпеков