Биыл елде интернет алаяқтық бойынша 40-тан астам қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы сала мамандары студенттермен өткен кездесуде айтты. «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шараны Жастар ресурстық орталығы мен ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өткізді. Мамандар жастарға дипфейк, интернет алаяқтық және дропперліктің қауіпін түсіндірді.
Колледж студенттерімен өткен кездесуде сала мамандары цифрлық қауіпсіздіктің басты қағидаттары, жеке деректерді қорғау тәсілдері және онлайн-алаяқтықтың кең тараған түрлері туралы жан-жақты түсіндірді. Әлеуметтік желілерде жиі кездесетін қауіптерден қалай сақтану керектігі де айтылды. Шара барысында жастар алаяқтық түрлерін тану, жеке ақпаратты құпия сақтау және дипфейктің белгілерін ажырату бойынша маңызды мәліметтер алды. Жиынға 30-дан астам студент қатысты.
Жандос Мұзтауов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:
Техникалық экономикалық колледжде Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, лекция оқып жатырмыз. Яғни дипфейк. Ол алаяқтардың адамдарды құрбан ететін аяқтық схемасы болып табылады.
Мамандардың айтуынша, қылмыс түрінің күрделене түсуі оның алдын алу жұмыстарын күшейтуді талап етеді. Жауапты мамандар бұл бағытта сотталғандармен жүйелі түрде тәрбиелік және түсіндіру шараларын жүргізуді қолға алған.
Әнуар Мыңғатов, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №73 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары:
Жалпы ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі депортаментінде 2400 ден астам сотталған ұсталады. Қазіргі инертен алаяқтық бойынша елімізде өзекті және күрделі мәселелердің бірі. Атап айтқанда 2400 астам сотталғандардың жартысы тең бөлігі. Интернет алаяқтықпен ұсталуда. Оларды тек отырғызып қана қоймай, олармен жұмыстар атқарамыз. Психологиялық көмектер көрсетеміз. Болашаққа дұрыс бағыт бағдар беру бойынша жұмыстар және жолдар көрсетеміз.
Сондай-ақ студенттер дипфейк белгілерін тану, күмәнді онлайн әрекеттерден қорғану бойынша тың мағлұматтар алды.
Нұрхан Оралғазы, колледж студенті:
Бұл азаматтық құқықты сақтауға және өз-ара тәртіпті және заңды білуге көмектеседі. Бүгінгі іс шарада басты тақырыпта болған ол дипфейк және дроперлер жайлы болды. Осы іс-шараның маңызды тақырыбы. Жастарға яғни дроперлер мен дипфейк білім жүру заңдар мен азаматтық құқұғымызды білу заңдарды білуге өз үлесін қосады деп білем.
Колледж студенттері үшін ұйымдастырылған бұл кездесу өзара пікір алмасып, интернет қауіпсіздік жайлы ақпарат алатын маңызды алаңға айналды.
Нұртас Қайролдаев