Самар ауданына қарасты Сарыбел ауылында байланыс инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл ауыл тұрғындарының талайдан бері көтеріп жүрген өзекті мәселесі болатын. Себебі, байланыс сапасы мен интернет жылдамдығы көңіл көншітпейтін. Қазір мердігер ұйым жаңа жабдық орнатып, ескі желілерді ауыстырып, үш ірі мобильді операторлардың антенналарын біріктіріп іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өзгерістер ауылдың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады деп күтілуде.

Сарыбел ауылдық округінде байланыс желісін толық жаңарту аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Мамандар ескі жабдықтарды түгел алып, орнына заманауи қондырғылар орнатуда. Қазіргі таңда үш ірі мобильді операторлардың антенналарын біріктіріп іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді ауылда Beeline, Kcell және Tele2 операторларының сигналы тұрақты жұмыс істейтін болады. Бұл тұрғындардың күнделікті қажетіне ғана емес, жедел қызметтердің уақытылы жетуіне де оң әсер етеді.

Аслан Жапарқұлов, Сарыбел ауылдық округінің әкімі:

Подрядный организация міне өзінің оборудованиесін қойып отыр. Енді келесі или осы аптада жұмыстарын бітіреміз. Туризм енді өздеріңіз білесіздер, жылдан жыл кісілер көбейіп жатыр, демалушылар. Биылғы елу мың адам демалды округ бойынша. Кар-Тел связь қойып отыр. Вышка қойылды. АМС. Декабрьдің аяғында жұмыс бітеді деп отырмыз. Мына АМС-ті айта кетсек мына жерде Kcell және Beeline, Тele2 операторлары қосылады. Үш связь болады ауылдың ішінде.

Байланысты жаңарту жұмыстарына жауапты мердігер ұйым өкілдері құрылғыны толықтай дайындап, желіні қосу жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтады. Қазір антенналар реттеліп, кабель желілері тартылып жатыр. Мамандардың айтуынша, техника толық іске қосылғанда мобильді байланыс бірнеше есе тұрақты болады. Жаңа жобаның жүзеге асуы ауылдың цифрлық қызметтерді қолдану мүмкіндігін кеңейтпек.

Серік Нулеев, мердігер:

Осы жұмыс өткен жұманың аяғында басталды. Міне осы жұманың аяғында бітіреміз бе деген жоспарымыз бар. Жұмыс жүріп жатыр ақырындап. Осы жергілікті әкімшіліктің көмегімен біраз жұмыстар тезірек бітті. Негізгі жұмыстар істеліп жатыр. Қазір жұмыстың ортасына келді деп айтамын. Кабельдерін тартамыз. Антендары, бәрі оборудованиесі ілініп тұр.

Жергілікті тұрғындар да бұл өгеріске қуанышты. Бастама ауылдың дамуына, әсіресе туризм мен шағын бизнестің өркендеуіне серпін беретініне сенімді.

Назиға Ибраева, Сарыбел ауылының тұрғыны:

Осы ауылменен өсіп, өркендеп әкімімізбен бірге келе жатырмыз. Ауылымыз қазір бұрынғыдай емес, жайнады, жаңарды. Мынау жаңа заман талабына сай, міне қазір связьымыз кішкене тоқтап қалып еді. Соны қолына алып, атсалысып, жүгіріп, өзі жаңбыр демей, күн демей, түн демей, бас қасында болып міне істетіп жатыр. Туризм бізде дамып келе жатыр. Жылына қаншама адамдар ауылға келеді. Халықтың әл-ауқатыда жақсарып келе жатыр.

Сарыбелдегі байланыс жүйесін жаңарту жұмыстары аяқталған соң, ауыл халқы толыққанды цифрлық инфрақұрылымға ие болады.

Талант Тұрсынов