Облыс орталығында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында департаментке келіп түскен өтініштер бойынша мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерістердің нәтижелері баяндалды. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен ведомство басшыларының заңбұзушылық әрекеттеріне талдау жасалды.

Күн тәртібіне сәйкес 4 профилактикалық сұрақ және 8 тәртіптік іс қаралды. Алғашқы мәселе Катонқарағай ауданына қатысты болды. Аудан әкімі Данияр Дүйсембаев, соңғы 10 айдағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыс қорытындысын баяндады.

Данияр Дюсембаев, Катонқарағай ауданының әкімі:

Есепті кезеңнің ішінде Катонқарағай ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жалпы 54 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі, семинар-кеңес ауылдық округтардың көшпелі отырысы арқылы жұмыстар жүргізіліп, консультативтік көмек көрсетіліп жатыр. 

Ауданда мемлекеттік қызметкердің штат саны – 77, соның 8 әзірге бос. «Шығысқа» бағдарламасының аясында мемлекеттік қызметкерлерді тарту жұмыстары нәтижелі. Аудан әкіміне мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату бойынша іс-әрекеттерді «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізуді қамтамасыз ету ұсынылды. Бұдан бөлек, Глубокое ауданының тұрғын үй комиссия мүшелеріне қатысты тәртіптік іс қаралды.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы:

Глубокое ауданы тұрғын үй комиссиясының мүшелеріне қатысты құқық қорғау органдарына, басқа мемлекеттік органдарына қызметтік тұрғынүй бөлу мәселесі бойынша тәртіптік іс қозғалып, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді уәкілетті органдарға сұрау салу жасай отырып. Заң бұзушылыққа жол берілмегені туралы.

Жиын соңында әдеп жөніндегі кеңес төрағасы мемлекеттік қызметшілерге күнделікті жұмыс барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Қымбат Иманғали