Самар ауданы - шырайы мен көркі кірген елді мекендердің бірі. Мұнда ауыл шарашылығын дамыту ісі қарқынды. Әлеуметтік жағдайдың барлығы жасалғандықтан, тұрғындар аталған саланы дамытуға белсене кірісе бастады. Себебі, ісін бастағандардың қадамын ілгерілетуге мемлекеттен қолдау көп.
Егін жинау науқанын нәтижелі, қамбаны алтын дәнмен толтыру үшін не істеу қажет? Әрине ең алдымен заманауи тегеурінді техника, білікті мамандар мен жауапкершілігі мол жұмысшылар құрамы, дәнді-дақылдардың сапалы шикізаты. Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың уақытылы жүргізілуі. Ауданда жемісті қызмет етіп келе жатқан қожалықтардың бірі - «Еңбек-Агро» ЖШС.
Еламан Құсайынов, «ЕҢБЕК-АГРО» ЖШС басшысының көмекшісі:
Хозяйство 2004 жылдан бастап осы ауыл шаруашылығымен айналысады. Біздің хозяйствода отыздан астам жұмысшы еңбек етеді. Үш мыңнан астам жер көлемі игеріледі. Соның ішінде 120 гектер жер көлемі суармалы болып табылады. Сонымен қатар мал шаруашылығымен де айналысамыз. Қазігі таңда осы бидай мен арпа Өскеменнің үлкен мелькомбинаттарына тапсырылуда. Сонымен қатар шемішке, рапс ол Өскеменнің үлкен маслозаводтарына тапсырылып жатыр.
Биыл мол өнім алу үшін шаруалар күндіз-түні аянбай еңбек етті. Түрлі технологияларды қолданды. Осылайша, Самар ауданы диқандары егістік жинау науқанын нәтижелі аяқтады. Қожалық жүгері, бидай, күнбағыс, арпа дақылдарын өсіреді. Ал өнім толығымен орылып, жиналғаннан кейін арнайы қоймаға жеткізіледі.Бұдан соң сұраныс түсен орындарға жөнелтіледі.Өнімге деген сұраныс жоғары.
Жандос Бейісханұлы, «Еңбек-Агро» ЖШС қызметкері:
Мен осы шаруа қожалығында төрт жыл болды жұмыс істегеніме. Шофер болып істедім. Қазір мехтокта. Жалақысы ай сайын әгі задержка жоқ, жақсы, өзіме ұнайды. Қазіргі жастарға да пайдасы көп ауылда. Ауылда, Самарда тұрып жатқалы он жыл болды ғой деймін.
Вячеслав Мартынов, «Еңбек-Агро» ЖШС механизаторы:
Мен бұл шаруашылықта механизатор болып жұмыс істеймін. Бұрын да осы жерде үш жыл еңбек еткенмін. Кейін Солтүстік Қазақстанға кетіп, сонда жұмыс істедім. Кейін қайтадан осында оралдым. Жалпы, жұмысым өзіме ұнайды. Жалақысы жақсы. Техника жаңа, жұмыс істеуге қолайлы. Одан бөлек, комбайнда да жұмыс істеймін. Жинау науқаны аяқталды, күнбағысты жинап алдық. Биылғы өнім жаман емес.
«Еңбек-Агро»ЖШС өкілдері «Биыл қамба астыққа толады», – деп отыр. Астықты ел қамбасына құйып, жем-шөпті уақытылы дайындау аса маңызды. Сондықтан қыстың қамын жаз ойлап, шаруалар техниканы жаңа науқанға әзірлейді, қажет болса жаңасын да сатып алады.Себебі, аталған салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көлемі де жыл сайын артып келеді.
Талант Тұрсынов