Облыс орталығында ерекше қажеттіліктері бар жандардың қатысуымен «Рухты теңдік» инклюзивті фестивалі өтеді. Шараға аймақтағы аудандар мен қалалардан 66 қатысушы іріктелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұсынылған жұмыстардың сапасы өткен жылдарға қарағанда жоғары. Жеңімпаздар гала-концерт барысында марапатталып, олардың үздік туындылары көрмеде көпшілік назарына ұсынылады Фестивальдің мақсаты-ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шығармашылық әлеуетін дамыту, инклюзивті бастамаларды қолдау және қоғамда толерантты көзқарасты қалыптастыру. Қатысушылар құрамында Өскемен қаласы мен облыстың Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім, Үлкен Нарын аудандарының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары бар. Ақтық сынға дейін әр ауданда іріктеу кезеңдері өткен. Іркілмей өткен қатысушылар 3 желтоқсан күні облыстық филармонияда бас қосады.Сайыстың жалпы жүлде қоры 4,5 млн. теңгені құрайды.
Ләззат Жұмашева, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары м.а.:
Бұл фестивальге Өскемен қаласынан, облысымыздың 7 ауданынан шығармашылық ұжымдар мен солистер қатысады. Фестиваль аясында қатысушылар вокалдық орындау, аспаптық орындау, авторлық орындау, кескіндеме және қолданбалы өнер номинациялары бойынша бағалатан болады. Жеңімпаздарға облыс әкімінің атынан және спорсрлардың атынан бағалы сыйлықтар қарастырылған
Бекайым Ұябаева, Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың директоры:
Бірінші кезеңі аудан район аралығында өтті. Олар ол жерде зағиптар арасындағы өздерінің алғашқы кезеңін ұйымдастырып өткізді. Содан кейін бізге видеолар ережеге сай жіберді
Бекарыс Секен