Жылыту маусымының басталуымен, әдетте, тұрғын үйлердегі өрт санының артуы байқалады. Оған себеп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, пеш жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуі және ақауы бар жылытқыштарды пайдалану. Аймақта ТЖД қызметкерлері қазір ауқымды рейдтер жүргізіп жатыр. «Қауіпсіз үй» профилактикалық шарасы аясында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 13 мыңға жуық оқиға тіркелді.
Биыл жылыту маусымы басталғалы бері мамандар 36 мыңнан астам үйді аралаған. Көбіне тазаланбаған мұржалар, тозығы жеткен немесе зақымданған электр құралдары қызыл жалынға себеп болады. Қауіп деңгейі жоғары үйлерге арнайы улы газды анықтайтын датчиктер орнатылып жатыр.
Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:
Шараға тек азаматтық қорғаныс қызметкерлерін ғана емес, еріктілерді, әлеуметтік қорғау мамандарын және полиция қызметкерлерін де тарттық. Қазіргі сәтте біз бұрын көміртегі тотығы датчигін орнатқан үйдеміз, себебі біздің міндетіміз – тек ескерту ғана емес, сонымен бірге датчиктің жұмыс істеп тұрғанын, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап жүргенін тексеру, мониторинг жүргізу Әр үйге кіріп көруге тырысамыз, әрине, егер тұрғындар рұқсат берсе. Біз тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықтаймыз.
ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, пеш пен мұржаны пайдалану ережелері, электр құралдарының қауіпсіздігі жөнінде тұрғындарға нұсқаулық таратып жүр. Әсіресе, әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Данияр Байжумин, Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ учаскелік полиция инспекторы:
Қауіпсіздік үй акциясының басты мақсаты полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметінің өкілдері бірлесе отырып, азаматтардың қыс мезгіліндегі баспанасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ТЖ алдын алу шараларын нығайту, және қылмыстарды төмендету мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар
Мамандар кез келген салғырттық қауіпті жағдай тудыруы мүмкін екенін еске салады. Сондықтан әрдайым өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.
Қымбат Иманғали