Шығыста қысқы туристік маусымның ресми ашылуы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік органдар үшін туризм мен инфрақұрылымды дамыту әркез басым бағыт болуы тиістігін атап өткен еді. Ал аймақ жыл сайын қысқы демалыс үшін ең тартымды орындардың қатарында. Сондықтан бұл мерекенің өңір үшін маңызы зор.

 «Алтай Альпісі» – әлемдік аренада көзге түскен спортшыларды даярлайтын жер. Мұнда Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева, халықаралық жарыстардың чемпиондары Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков сынды спортшылар жаттығады. Шараның ең айшықты сәттерінің бірі – шаңғышылардың Мемлекеттік тумен жаппай сырғанауы болды.

Виктор Рейхерд, фристайлдан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Алтай Альпісі әрқашан ерекше табиғатымен таңқалдырады. Әдетте біздің маусым қарашаның соңында басталады. Мұнда қыс бойы екі-үш метрге дейін қар түседі, сондықтан жаттығуда ешқандай қиындық көрмейміз. дайындыққа арналған сертификатталған трассалар, сондай-ақ тау шаңғысы бойынша жаттығуға да мүмкіндік жасалған.

Талғат Дәулетов, облыстық туристік ақпараттық орталығы басшысының орынбасары:

Қазақстан бойынша ең жақсы дамыған қысқы туризм бізде. Неге десеңіз бізде снегоходпен серуендеуге болады. Көптеген туристтер Риддерға барады, скитур. Көптеген көлдер бар қыста балық аулайды. Тау шаңғы курорты төртеу, екеуі Риддер, екеуі Өскемен маңайында. Демаоыс күндері мыңнан аса туристер келеді.

Шараға арнайы келген аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде туристік инфрақұрылымды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кездері туризм саласы облыс экономикасының драйверіне бірте-бірте айналып келе жатыр. Бұл салаға қомақты қаржы тарту қажет. Өңіріміз табиғаты інжу-маржан деп жақсы біледі. Осы керемет табиғатты біз бүкіл әлемге таныта отырып, өз кезегінде шетелден келетін туристтерді қабылдауға, қызмет етуге біз дайынбыз.

Мерекелік концерттік бағдарлама демалушылардың көңілін көтеріп, викториналық ойындар өткізілді. Түрлі сыйлықтар ойнатылып, халық мәре-сәре болды. Сонымен қатар қысқы туризмді дамытуға белсенді үлес қосып жүрген кәсіпкерлер мен спортшылар, сондай-ақ құсбегілер, Алғыс хаттармен марапатталды.

Айдос Жәнтікеев, саятшы:

бір апта өтер өтпестен Абай 2025 салбурынына барып, қарауыл деген елді мекенге сол жерден барып, бүркітіміз үшінші орын, қаршыға үшінші, ителгіміз үшінші орын алып қайттық. Шығыстың атын шығарып 

Бүгінде өңір Қазақстанның әр түкпірінен бөлек, Қытайдан және Ресейден келетін туристерді қабылдайды. Олар Сібе көлдерінің айдынында коньки теуіп, Риддер мен Алтайда шаңғымен сырғанап, қысқы спорт түрлерімен айналыса алады.

Айдана Мурал, турист (Қхр):

Тарбағатай Шәуешектен келіп отырмын. Осы мерекеге қатысқаныма қуаныштымын. Өскеменге бірінші рет келіп отырмын. Біз жақта да осындай қимылдар көп өткізіледі. Сіздерді де Шәуешекке шақырамын. Шәуешекті гармон қала дейді. Қыс мезгілі сіздердікімен ұқсас.

Демалыс күнгі қолайлы ауа райы туристік маусымның салтанатты ашылуын қызықты өткізуге мүмкіндік берді. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін аралаған қонақтар ұлттық тағамдардан да дәм татты.

Қымбат Иманғали