Кенияның Найроби қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан жерлесіміз Батырхан Төлеуғали елге оралды. Спортшыны жақындары, жанкүйерлері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қарсы алды.
Дүбірлі додада 19 жастағы Батырхан Төлеуғали 87 келіде өнер көрсетті. Шешуші жекпе-жекте ирандық спортшы Мохаммад Ализадені сенімді түрде жеңіп, көк ту көкке көтеріліп, әнұран шырқалды.
Батырхан Төлеуғали, Таеквондодан әлем чемпионы:
Біздің әнұранымыз басқа елде шырқалып жатқанда әлем чемионатында сөзбен айту өте қиын, мақтанып тұрасың өз еліңнің туын көтеріп Әлем чемпионаты өте жоғарғы деңгейде өтті. Өйткені біз Қазақстаннан Африкаға кеттік. Өте алыс жерде. Кішкене қиындау болды, тамақтарына жерлеріне үйренісу бірақ Аллаға шүкір басындағы күндері балалар нәтиже көрсетті ары қарай сосын біз жалғастырдық
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та бұл жаңалықты айрықша қуанышпен қабылдап, Instagram-парақшасында спортшыны құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Найробидегі жеңіс - өңіріміз үшін де, жалпы ұлттық құрама үшін де зор жетістік. Батырхан шығысқазақстандық спортшылардың ең жоғары деңгейде жеңіске жете алатынын тағы бір дәлелдеді. Оның жігері мен жеңіске деген ұмтылысын мақтан тұтамыз.
Жас спортшыны әуежайдан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қарсы алып, оның жеңісі тек өңірдің ғана емес, бүкіл елдің мерейін үстем еткенін атап өтті.
Асқар Можанов, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы :
Батырхан алғашқы кездесуде грек спортшысын, кейін Австралия өкілдерін айқын басымдылықпен жеңді. Жартылай финалда ресейлік таеквондошымен кездесті. Ал алтын үшін болған шешуші сында Иран спортшысын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, өз шеберлігін тағы да дәлелдеді. Алдағы уақытта спортшы Лос-Анджелесте өтетін олимпиада ойындарына дайындық жүргізетін болады.
Бапкерлерінің айтуынша, Батырханның бұл жеңісі - ұзақ жылғы тынымсыз еңбектің нәтижесі. Ол жаттығуда өте еңбекқор, тәртіпті, әр тапсырманы жауапкершілікпен орындайды, - дейді.
Еркін Өмірбекұлы, алғашқы жаттықтырушысы:
Өзім тәрбиеледім енді кіттей кезінде бұзықтау болған Батырған. 6 жасында маған келіп қорықпайтын жекпе жектен, спаринкке шығайын деп шпагаты да жақсы болды. Соның арқасында барлық бойларын қарап отырсаңыз аяғы жақсы көтеріледі
Мерхат Болатханов, ШҚО таеквондо федерациясының президенті:
Біздің еліміз үшін Қазақстан республикасы үшін бұл тарихи жаңалық. Неге десеңіз осы уақытқа дейін әлем чемпионатында ересеректер арасында болса да жастар арасында болсада чемпионлар болмаған. Ең бірінші Қабылан Бейбарыс алтын алды, екі күннен кейін өзіміздің шәкіртіміз чемпион болд
Батырханмен бала күннен бірге өскен апайы да қобалжығанын жасырмады. Әр жекпе-жек сайын қорқыныш болды, - дейді.
Томирис Болатқызы, Б. Төлеуғалидың апайы:
Өте керемет көңіл күйде болдық. Финалға шыққанда өзімізде қобалжу болды. Енді ирандық спортшы мықты болды. Бәріміз қобалжыдық, бәріміз жыладық
Айта кетейік, бұл жеңіс Қазақстан құрамасының аталған чемпионаттағы екінші алтыны. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль еншілеген болатын. Жалпыкомандалық есепте ел қоржынында үш жүлде бар.
Бекарыс Секен