Күршім ауданында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары қарқынды. Қазіргі таңда мамандар өзен арнасын қоқыстан тазартып, жағалауды бекітуді қолға алған. Мердігер мекеме өкілдері алдын алу шарлары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтады. Әрі тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ, бұл тек жыл сайын жоспарлы түрде жүргізілетін шара деп отыр.

Ауданда қазір жағдай тұрақты. Дегенмен, алдын алу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жергілікті әкімдік өзен арнасын тазарту, бөгеттерді нығайту шараларын жүзеге асырып жатыр. Ерте көктемде ел қарманып қалмас үшін бүгінге дейін арналарды тереңдетіп, жағаларды нығайту мақсатында мердігер мекеме екі аусымдық жұмыс кестесіне көшкен.

Талғат Ақшағанов , бас мердігер:

Бұл жерде ескі арнаның бәрін су шайып кеткен. Соның бәрін тереңдетіп дамбыны ұлғайтып, бәрін қайтадан көтеріп істеп жатырмыз көктемгі су тасқынын алдын алу үшін. Осында күндіз-түні екі сменде жұмыс істеп жатырмыз.Күн сып келе жатыр.су қазір қатып қалады. Жұмысты аяқтауға таяп қалдық.Бір екі-үш күнде бітеміз.Бұл жерде алты адам жүр. Күндіз үш адам, түнде үш адам..

Күршім ауданы әкімінің тапсырмасымен, әр ауылдық округ басшысы көктемгі су тасқынын алдын алу шараларына қазірден кірісіп кеткен. Жергілікті билік өкілдері өзен арналарын қоқыстан тазартып, оны кеңейтіп жатыр. Арнайы техника бекітілген аумақта үздіксіз жұмыс үстінде.

Нұрлан Қабдуалиев, механизатор:

Жылда осылай жұмыстар өткізіледі. Биыл бұл жұмыс алдын ала ауқымды жұмыс өткізіп жатырмыз, көктемді тоспай.Күндіз-түні жұмыстамыз. Жылда көктем уақытында халық дабыл қағатын, біз міне алдын ала көктемді тоспай қыстың басында қамтып, көктем уақытында мазаламайтындай адамдарды сондай күйге жеткізіп отырмыз.

Аудандағы мамандардың айтуынша, қазір қызыл судан төніп тұрған қауіп жоқ. Десе де, сақтық үшін алдын ала қамдану өте маңызды. Бүгінгі күні арнайы техникалар мен құралдардың дайындығы тексеріліп. Су басу қаупі бар аумақтар назарға алынған.

Ерлан Нұрсоветов, Күршім ауылдық округінің әкімі:

Осы жұмыстарды атқарып жатқан мердігер мекеме Топтерек ауылында да 150 метр дамбыда жұмыс атқарған.Сонымен қатар осы төре тоғам учаскесінде 900 мтр дамбыны бекіту жұмыстары атқарылды. Бұл арнаны тазалау себебіміз ауыл ішіндегі каналдарға су жіберу, ауыл адамдары бау-бақшаларын суаруға септігін тигізеді. Шаруа қожалықтары шабындықтарын суаруға, егін суаруға, капельное орошение дейміз соған пайдаланады.

Күршім ауданы әкімі Мейржан Альбековтың тапсырмасымен қазіргі таңда елді мекендерді ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында алдын алу шаралары күшейтілді.

Қуаныш Амантайұлы