Қасым Қайсенов кенті күн санап көркейіп, тұрғындар саны артып келеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің келбеті жарықтандырылып халыққа қуаныш сыйлауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында аудан көлемінде ауқымды жобалар іске асуда. Мәселен, жаңа нысандар, абаттанған аумақтар, сапалы жолдар, әлеуметтік сала да жаңғыртылуда.

Бір айда Қасым Қайсенов кентінде ауқымды өзгерістер орын алды. Әкімшілік тарапынан бірқатар жүйелі жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 24 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи жарықтандыру шамдарымен толықты. Қалған 9 көпқабатты үйдің келбетін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүзеге аспақ. Бұл жұмыстар өз кезегінде кенттің сыртқы көрінісін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Медет Аханов, Қ.Қайсенов кенті әкімінің орынбасары:

Қасым қайсенов кентінде қауіпсіздік күшейту мақсатында бейнебақылау жүйесін дамыту бағытында да бірқатар шаралар қабылданды. Биылға дейін кент аумағында 21 бейнекамера тұрақты түрде жұмыс істеп келген болса, ағымдағы жылы қосымша 25 бейнекамера орнатуға қаржы бөлінді. Нәтижесінде, бүгінгі күні Қ.Қайсенов кенті бойынша барлығы 41 бейнекамера жұмыс істеп тұр.

Кент тұрғындары атқарылып жатқан игі іске қуанышты екендіктерін жасырмады. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның одан әрі көркейетініне сенімді.

Сәуле Марқаш, Қ.Қайсенов кентінің тұрғыны:

Көшенің жарықтандару ауданымыз үшін жақсы үрдіс. Тағы жарықтар көбейіп көше сәндене берсін деп тілеймін. Кентттің дамуы бойынша бұрыннан қарағанда көптеген өзгерістер бар. Жарық жағынан болсын, су құрылысы болсын, ауданымыз көркейіп, ұлғайып келе жатыр.

Аудан орталығына бейне-бақылау камералары да орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар құқық қорғау органдарымен бірлесіп іске асырылуда. Осылайша, жергілікті билік өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етпек.

Сая Жарасқызы