Облыстық драма және оперетта театрының сахнасында "Көзімді жұмсам да көрем сені..." лирикалық драмасының тұсаукесері өтті. Шығарманың авторы - Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев. Мәдени шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен зиялы қауым өкілдері, өңір тұрғындары қатысты.

Журналист, публицист, ақын Әлібек Қантарбаевтың махаббат хикаясы бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады. Қойылымның әр көрінісінде махаббаттың нәзік лебі сезілді.

Абай Дәулетұлы, қоюшы – режиссёр:

Театр біз көрермен үшін қоямыз. Көрерменнің көңілінен шықса ол біздің көңілімізден шыққан деген сөз ғой. Театрда әрине дамиды, бізде даму керекпіз. Қазіргі заманауи адамдарға заманауи тілмен айтқанда жеткізуге тырыстық. Кейіпкерлер көп болды, сахнаға көп актер шығарғымыз келген жоқ. Сол үшін 6 актермен ғана шештік. Шляпаларды байқадыңыздар ғой, бас киіммен ғана шештік.

Еркежан Айтқазықызы, Облыстық драма және оперетта театрының маркетинг бөлімінің басшысы:

Бұл спектакль несімен ерекше?Өйткені Шығысқазақстандық сасхнада шығысқазақстандық қаламгердің шығармасының сахналануы өте бір ерекше жайт. Сондықтан бұл спектакль ағамыздың Гүлжан жеңгемізге деген махаббатының көрінісі десек те болады. Ол кісі өмірден озып кетсе де, осындай спектакль қойылып жатыр.

Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Қойылым аяқталғаннан кейін аймақ басшысы Әлібек Қантарбаевқа өңірдің әдебиет пен мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жүрекжарды тілегін жолдады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Туындыны жазған Қалиұлы Әлібек ағамыз Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Катоқарағай ауданының, Өскемен қаласының құрметті азаматы өте керемет жазылған, адамның махаббаты керемет сезім ғой. Махаббат иірімдерін керемет бере білді.

Қойылым көрерменнің көңілінен шықты. Тұсаукесерге жиналған жұрт спектакльге оң бағасын берді.

Аяулым Усинова